Халықаралық жастар күні – жыл сайын 12 тамызда аталып өтеді. Бұл мереке 1999 жылдың тамыз айында БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген.
Бұл күннің мақсаты – жастардың қоғамды дамытудағы және бейбітшілікті нығайтудағы рөлін еске салу, сондай-ақ олардың күнделікті өмірінде кездесетін өзекті мәселелерге назар аударту.
Кітапханада жастар тақырыбына арналған, жастар жайлы және жастар үшін жазылған кітаптарға шолу ұйымдастырылды. Олардың арасында: Рэй Т. «Я не ОК… и это “ОК”», Л. Чиркова «Достали!», Б. Янишевский «Экономика. То, о чём взрослые тебе не рассказывают» және басқа да еңбектер бар.
Осыған қоса, он күн бойы жастар мәселелерін қозғайтын өзекті бейнероликтер көрсетілді.
«Кадрдағы жастар»
Дс, 11/08/2025 - 16:06 — Ольга А