«Девичий мирок»

Дс, 02/02/2015 - 14:55 — admin

Кітапханада «Девичий мирок» атты қыздарға арналған әдеби отырыс ашылды. Отырыстың ең алғашқы кездесу ұйымдастыру, танысу түрінде болды. Олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдалып,ортақ жоспарлар талданды. Танысу барысында оқырмандар сүйікті кітаптары туралы ғана айтып қоймай, өз сезімдерімен бөлісті. Кездесу соңында қуанышты жүздерін көргеннен кейін,осындай отырыстар керек екендігіне көзімізді жеткіздік.

Екінші кездесуіміз В. Голявкинннің «Совесть» шығармасы бойынша адамгершілік тақырыбына арналып, ролді ойын ретінде өтті.

Кездесу барысында алдымен «адамгершілік», «ар-ұят», «намыс» сөздерінінің мағынасын талқылап, автордың өмірбаянынымен танысып, кезекпен «Совесть» әңгімесін оқыды. Қатысушы қыздар «әдеби сыншылар» және «журналистер» болып екі топқа бөлініп, «әдеби сыншылар» (жақтаушы), ал «журналистер» болса керісінше (теріс) жақты қабылдап, өз кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасты қолдап, қазіргі таңда бұндай жағдайды кездестіруге болады ма екендігі талқыланды. Кездесуді соңында қатысушылар өз ойларын, әсерлерін суреттеп қағаз бетіне түсірді.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 209 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана