Шоқан Уалихановтың 180 жылдығына арналған «Кең даланың кеменгері» атты тарихи саяхат өткізілді. Балалар үлкен қызығушылықпен ұлы ғалымның өмірі мен еңбек жолын тыңдады. Сонымен қатар Әулиекөл ауданында студент дипломдық жұмысы қорғау барысында, өз қаражатына орнатқан ескерткіші оқушыларды таң қалдырды. №1 мектеп педогогы тақырып бойынша оқушыларға сұрақ қойып, тарихи саяхатты бекітті. Шара соңында оқушылар шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уалихановқа арналған кітаптармен танысып, Шоқанның өз қолымен жасаған суреттері мен отбасылық фотосуреттерге қызыға қарап танысты.
«Кең даланың кеменгері» атты тарихи саяхат
Жм, 16/10/2015 - 13:19 — julia