Ыбырайды таза бұлағы

Дс, 15/02/2016 - 10:19 — julia

Ыбырайдың туғанына 175 жыл толуына орай 5 – ақпанда ҚМПИ студенттеріне арналған  (20 адам) «Ыбырайдың таза бұлағы» атты ауызша журналы өтті. Бұл есім бәріне танымал болғанымен, несімен танымал болғаны туралы бәрі бірдей біле бермейді. Тек есімі көше, мұражай, мектеп және кітапханаға берілгеніне тоқталады. Кездесуде кітапханашы Алтынсарин қазақ балаларының сауатын ашу үшін тер төккені туралы айтып берді. Көшпенді халықты балаларын мектеп беруге үгіттеп, халықтан қаржы жинады, мектеп, педагогикалық және қолөнер училищелері құрылысына қазынадан ақша бөлінуіне бар күш жігерін жұмсады.  Әр мектептің ашылуы мерекеге ұласты. Алтынсарин мұғалім тұлғасына баса назар аударды, бұл туралы долстарына жазған хатынан білуге болады. Әрине, қазақ балаларына арналған оқулықтары туралы айтпай кетуге болмайды. Биыл «Қырғыз хрестоматиясына» 110 жыл. Ыбырай Алтынсарин өз әңгімелерінде табиғат құбылыстары үлгісінде тура жолды көрсетеді, бағыттайды, тәрбиелейді. Студенттермен бірге «Бір уыс мақта» және «Бақша ағаштары» әңгімелері дауыстап оқылды.  

Іс – шара барысында Алтынсарин туралы деректі фильмдерде қолданылған бейне материалдар көрсетілді. Кітапханашы кездесу соңында балаларды ұлы ағартушыға арналған кітап көрмесімен таныстырды.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 133 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана