Адамгершілікке сұраныс

Дс, 15/02/2016 - 10:24 — julia

Әр адамның өмірде алар асуы болады. Көбінесе оған бөтендердің көмегімен қол жеткізеді. Бірақ сенің жеңісіңе қуанып, сенің қабылдаған шешіміңе шүбә келтірмей қайта  қолдаса қандай ғанибет болар еді.Дегенмен осының бәрі бір күні аяқталады. Неліктен? Айқайлап, дауыс көтергенде, өз ойыңды, көңіл күйіңді жеткізгенде тұрған не бар? Сол мезетте- ақ  шаттық сезімінен жұрдай болып, туысың өгейсініп, сен ол үшін көптің бірі болып қаласың. Осы туралы 9 ақпан күні «Адамгершілікке сұраныс» клубында талқыланған Карсон Маккаллерстің «Губка» әңгімесі сыр шертеді. Басында аяқталмай қалған әңгіме балаларды әрі сәрі күйге түсірді. Оның есесіне қызу пікірталас тудырды. Кітапханашылар пікірлерді бір арнаға бұру үшін рольдік ойын ұсынды. Қатысушылардың жартысы аға ролін сомадаса, басқалары інісін бейнеледі. Әрқайсысы кейіпкерлерге өз көзқарасымен қарап, әсерлерімен бөлісті. Ағасының қылығын ақтамай, қатысушылар адами факторларға назар аударуға тырысты, бірақ оның ісін құптамады да, оның қорқақтығын кешірмеді. Кикілжің барысында жігері құм болған кіші інісін аяғандарымен оның мықты тұлға екенін айтты.  Ыстық шай ішіп отырып, әр қатысушы әңгіменің соңын өз ойларымен аяқтады, даудың шешімін тапты.

Фото


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 368 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана