2016 жылдың 6 қазанында Ыбырай Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ы.Алтынсариннің мұрасын зерттеу бойынша оқушылардың ғылыми жұмыстарының конкурс-конференциясының қорытынды туры өтті.
Бұл байқауды Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып өткізді. Педагог, этнограф, ақын, аудармашының көп қырлылығы байқауға қатысушыларға, жазушының мұрасынан жаңа мағлұмат алуға, жаңа ой табуға, елінің, халқының мәдениетін, тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Байқауға барлығы 25 ғылыми жұмыс жобасы қабылданып, оның 10 финалға таңдалынған еді.
Ғылыми жұмыстар Ы.Алтынсариннің ұстаздық бейнесі, «Қырғыз хрестоматиясының» құрылуы мен мазмұны, педагогтың публицистикалық мұрасы сияқты түрлі тақырыптар ұсынылды. жүлделі орындарға ие болған ғылыми жобалар: «Ибрай Алтынсарин: истоки бессмертия. Литературная деятельность И. Алтынсарина» - Песчанская Ксения, Рудный қ. №17 мектептің 8 сынып оқушысы (3орын). «Ыбырай Алтынсарин әдеби шығармаларының өмірлік құңдылықтары» – Маратова Акжүніс, Рудный қ. №15 мектептің 9 сынып оқушысы (2 орын) . Арқалық қ. Ы.Алтынсарин атындағы 10 сынып оқушысы Ахметсапаева Ақерке «Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясындағы балаға ашқан танымдық әлемі» атты жұмысымен байқаудың жеңімпазы атанды. Конференцияға қатысушылар атаулы сертификаттармен және кітаптармен марапатталды.