«АСТАНА EXPO- 2017 – Болашақтың қуаты» көрмесі

Бс, 26/01/2017 - 12:04 — julia

Халықаралық мамандандырылған "EXPO" көрмесі - әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік техникалық, ғылыми жетісткітерін, сондай-ақ елдердің тарихы, дәстүрі мен мәдениетінің даму келешегін көрсету үшін өткізілетін ірі халықаралық көрме.

2017 жылғы 10 маусымда халықаралық мамандандылыған «Астана EXPO-2017» көрмесі өз есігін айқара ашады. EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясы баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып, энергия тұтынуды жоспарлап бақылай білуге үйрету білімін қалыптастыру.

EXPO-2017 көрмесі Тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды жобасы, Жылдың басты тақырыбы. EXPO көрмесін өткізу Қазақстанның қазіргі тарихындағы оқиғалардың бірі болып қалады, еліміздің беделін қалыптастыруға, экономикасы мен мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосады.

Ғылыми-көпшілік әдебиеті бөлімінде «Астана EXPO-2017 – «БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты - Қазақстан Тәуелсіздігінің аса бай тарихын ашып сипаттау, сол шежіредегі халықаралық мамандандырылған «EXPO-2017» көрмесін жарқын беттерге айналдыруға үндеу; кітапхана оқырмандарын EXPO тарихымен таныстыру; Астанадағы «EXPO-2017» көрмесін өткізу туралы әңгімелеу. Көрме келесідей үш бөлімнен тұрады: «ЭКСПО тарихы», «ЭКСПО-2017 – Астана мерейі»,«Ұлы Дала Елі- Мәңгілік Ел». Көрме формасының тақырыптық тұрақтылығы үнемі қолданыста болады. Кітап көрмесін ашу Қазақстан туралы, ЕХРО туралы оқырмандардың білімін тереңдетуге, елде болып жатқан оқиғаларға қазақстандықтардың ортақтас сезімін қалыптастыруға, өз елін мақтан ететін қазақстандық патриоттық тәрбие беруге ықпал етеді.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 98 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана