Шатасқан ертегі... Жай ғана түсініксіз болмашы... Барған сайын қызықты болып келеді... Міне, осылай бүгін Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК акт залында болған жағдайды айтуға болады. Бұл жолы «Ертегі құтқарушылар» тобы (оқырмандар) айнаның арғы бетіне сапар шекті.
Сөйтіп, Англияда 19 ғасырда Льюис Кэррол атты тамаша жазушы өмір сүріпті, оны бала кезінен Чарльз Людвидж Доджсон деп атаған екен. 1897 жылы Одесса қаласында, мұғалімдер отбасында орыс жазушысы - Валентин Петрович Катаев дүниеге келсе, ал 2017 жылы біздің кітапханада балаларды олардың кейіпкерлері – Алиса мен Женя күтті. Сондай-ақ Ғажайып елдің жұмбақ және күтпеген тұрғындары – Чешир мысығы мен Патшайым да болды.
Оқырмандар үздік «Чешир мысығының жымиысы» (қышқыл лимон жегеннен кейін) байқауына және «Айнаның ар жағындағы эквилибриске» (жіңішке жіпте тепе-теңдікті сақтау) қатысып, сол үшін марапатталды. Бұнымен қоймай, бүлдірген жинап, жұмбақтар шешті, Б.Заходер ертегісін аударған жазушының есімін тауып, айна көмегімен жазбаларды шешіп оқыды... Жалпы айтқанда, тіптен Патшайымның өзі олардың бастарын шабудан бас тартып, бұндай ақылды балаларға «Басты белгілі мақсатпен - жақсы кітап оқу үшін пайдалану керек!» екенін айтты.
Балалар осы айтылған кеңестерді тыңдап, кітапханаға жиі келіп, ертегі кейіпкерлерін бұдан әрі шатастырмайды деп үміттенеміз!