Новости


Кітапханада «Кітапfest»!

Ср, 10/11/2021 - 14:21 — admin

12 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылын, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын мерекелеу аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапfest» кітабының үлкен мерекесі өтеді!

Мерекеге 2021 жылы кітапханада өткен байқаулары жеңімпаздары қатысады. Мерекеде «Оқырман марафоны», «Алғашқы болып оқы» кітапханалық жаңа кітаптарды рецензиялау байқауларының, Ыбырай Алтынсарин мұрасын зерттеу бойынша мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының II-ші байқауынын, сондай-ақ Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы Үздік әдеби шығарма республикалық байқауының жеңімпаздары атап өтілетін болады.

 



Шеберлік сыныбы: Сыйлық толы құты

Ср, 10/11/2021 - 14:19 — Ольга А

Әлемде көптеген қызықты нәрселер бар, дүкенге барсаңыз, онда сіз кез-келген талғамға сыйлық таңдай аласыз. Бірақ достарыңызды өз қолыңызбен жасалған сыйлықпен қуанту әлдеқайда қызықты. Тек уақыт пен кішкене қиял қажет!



Әжемнің ертегілері: Жолбарыс пен тиін

Ср, 10/11/2021 - 14:19 — Ольга А

Жолбарыс мен тиін ертегісі, бүлдіршіндерді көмек көрсеткен адамға, қайырыммен жауап беруге тәрбиелейді.



«Жыр-ана» әдеби кеші

Ср, 10/11/2021 - 10:29 — Ольга А

15 қарашада ақын, жерлесіміз Мәриям Хакімжанованың туғанына 115 жыл толады. 10 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы кітапханада «Жыр-ана» атты әдеби кеш өтті.

Іс-шараға М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектептің жетінші сынып оқушылары белсене қатысты. Балалар «Ана даусы», «Бүгін», « Шынаға бер, ширай бер» өлеңдерін оқыды, ал кітапханашы Хакімжанованың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, «Мәншүк» поэмасын оқып берді.

#30летНезависимостиРК #ҚРТауелсіздігіне30жыл



Алтынсарин кездесулері

Дс, 08/11/2021 - 14:19 — Ольга А

2021 жылдың 8 қарашасында ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Алтынсарин кездесулері» іс-шаралартоптамасы аясында «Дала жұлдызы – Ыбырай Алтынсарин» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шараға Қостанай құрылыс колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шара барысында сұрақ-жауап викторинасы өткізілді, Ы.Алтынсариннің өлеңдері оқылды, «Ыбырай Алтынсариннің ескерткіш орындары бойынша» бейнепрезентациясы және Алтынсариннің шығармашылығын зерттейтін жерлесіміз Серікбай Оспановтың бейнеролигі көрсетілді.



«Сальериді кім өлтірді?» гангстер квесті

Сн, 06/11/2021 - 09:33 — Ольга А

Кітапханашылар кітапханаға көбірек балалардың келуі үшін үнемі тәжірибе жасап отырады. Біздің кітапхана да осындай тәжірибе жасады, тек осы жолы кітапханашылармен бірге квестті "Мафия и не только" клубының балалары әзірледі. Нәтижесінде, 5 қарашада біздің кітапханада «Сальериді кім өлтірді?» гангстер квесті өтті. Балаларға мафия әлемдегі ең қауіпті қарудың не екенін білу үшін бірқатар жұмбақтарды шешу керек болды.



«...Ауырмайтын жол ізде»

Жм, 05/11/2021 - 13:36 — Ольга А

#игі_істер_морофоны

2021 жылғы 04 қарашада Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы үшін «...Ауырмайтын жол ізде» атты ақпараттық минут өткізілді.

Салауатты өмір салтын ұстану, жеке гигиена, жаттығу жасау, күн тәртібін сақтау қажеттілігі туралы айтылды.

Балалар Борис Заходердің «Петя мечтает» өлеңін тыңдап, өздерінің арасында жалқау бала жоқ деп шешті. Балалар жұмбақтарға белсенді жауап берді, көкөністерді жемістерден айырды, қорқыныштарын жойды, мысалы, тіс дәрігеріне барудан қорқуды жоюға тырысты.

«Приключение волшебной кастрюльки на кухне» кітабының көмегімен олар пайдалы өнімдерді зиянды өнімдерден ажыратуды үйренді.



Анонс

Бс, 04/11/2021 - 11:23 — Ольга А

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.



Көңілді каникул: Кинусайга

Бс, 04/11/2021 - 09:27 — Ольга А

Бүгін тағы бір кинусайга тақырыбында шеберлік сыныбы өтті, кинусайга - жапон қолөнері, оның мәні матаның сынықтарынан суреттер жасау. Бұл табандылықты, қиялды, көп уақытты қажет ететін қажет ететін жұмыс.Біз қандай суреттер алдық, қараңыздар.



Ыбырай Алтынсарин «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»

Бс, 04/11/2021 - 09:16 — Ольга А

Биыл халық ағартушысы, жазушы, ақын Ыбырай Алтынсаринға 180 жыл. Ыбырай атамыздың артынан халдырған мұрасы өте құңды және тәрбиелік мәні бар жәдігер. Сондай көркем әңгімесінің бірің сіздерге ұсынып отырмыз!

#30летНезависимостиРК #ҚРТауелсіздігіне30жыл


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 269 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана