Новости


Бабка-Ёжкамен бірге болған Жаңа жыл

Сс, 17/01/2012 - 10:31 — admin

Жаңа жылдық мерекелер артта қалды ма? Жоқ. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада әлі де жалғасуда. 4-6 қаңтар аралығында біздің кішкентай оқырмандарымыз «Ойлан да, ойна» атты ойын бағдарламасында шынайы Бабка-Ёжкамен кездесіп, анекдоттар еліне саяхат жасап, жаңа кітаптардың нұршашауының куәгері бола алды.



Жаңа жылыңызбен!

Бс, 29/12/2011 - 17:03 — admin

Жырмен өтсін күнің,
Таусылмасын сырың.
Батқан күнмен кетсін,
Мұңың болса бұрын.

Атқан таңмен атсын,
Ақ арманың гүлің.
Жүзің жарық болып,
Шалқып шықсын нұрың!
Жаңа жылдық тілек,
Осы болсын бүгін!




Аяз ата достарың шақырады

Бс, 29/12/2011 - 16:32 — admin

26 қаңтарда Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

Бұл жолы да Аяз ата балаларға арнап көңілді де қызықтар ұсынды. Сонымен қатар ертеңгілікте бәрін бүлдіргіш Злючка, Қар ханым және бәріміздің сүйікті Ақшақарымызда қонақта болды. Мерекеде балалар қызықты ойындарды ойнап, көңілді сайыстарға қатысып,сиқырлы көріністерді тамашалады. Ғажайып жаңа жыл мерекесіндегі балаларға арналған ең басты қуаныш – ол Аяз атаның сиқырлы қапшығындағы тәтті сыйлықтар болды.



Ертегі елінде қоңақта

Сс, 13/12/2011 - 14:52 — admin

Жаңа жыл сөзін естігенде көз алдына не елестетер едіңдер? Шырша? Мейірімді Аяз ата? Балалардың бақытты күлкісі? Сендердің сүйікті мерекелеріңізге аз күндер қалды. Секунд, минут санап күтудесіңдер. Ал Облыстық балалар мен жасөспірімдер арналған кітапхананың өнер бөлімінде жаңа жылдың бастамасы басталып та кетті.

Әртүрлі заттардан жасалынған түрлі-түрлі шыршалар көз тойдырар емес. Бұл біздің кішкентай оқырмандарымыздың өздерінің сүйікті бұрыштарын нағыз ертегілер орманы етіп безендіргендері.

Ал бұл орманда адасып кетпеу үшін, жұлдызшалар тәрізді қар бүршігі нағыз керемет жаңа жылдың жолын табуға көмектеседі:



Кітапхана өз достарын жинайды

Сс, 13/12/2011 - 14:40 — admin

Тамаша мейрамдарды қарсы алуға санаулы күндер қалды.Қазіргі кезде Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында көңілді мерекелердің қызған кезі. Желтоқсанның тоғызы күні Алтынка өзінің сенімді оқырмандары №14 мектептің төртінші сынып оқушыларын мерекелі достық дастарқанына шақырды. Балалар біздің елімізде тұратын әр ұлттардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жайында білімдерін толықтырып, сонымен қатар «Әуенің тап» ойының ойнап, дәмді бауырсақтан дәм татты.

Келген кішкентай қонақтарымыз жылулық сезім білдірген дастарқанда өздерің үлкен және тату-тәтті отбасының бір бөлшегі ретінде сезінді. Шара Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балалар мектебінің жоғары сынып оқушылары дайындаған мерекелік концерттімен жалғасты. Жас таланттар өнерлерімен келер аптаға тамаша көңіл күй сыйлады.



«Саламатты Қазақстан» sport-марафоны.

Сс, 06/12/2011 - 16:46 — admin

2011 жылдың 4 желтоқсанындағы жайма шуақты жексенбі күні Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Саламатты Қазақстан» sport-марафонына қатысуға тілек білдірген спортсүйер қауымға есігін айқара ашты.

Спорт – барлық балалардың шымыр болып шынығуына, сайысқа түсіп, жеңіске ұмтылуына мүмкіндік береді. Ал үздіктер, әрине, жүлделерге ие болып жатады! Міне, біз де кішкентай қатысушылар үшін кітапхана бөлімдері ұйымдастырған «Жылдамырақ! Биігірек! Күштірек!», «Ақыл – ой гимнастикасы», «До, Ре, Ми» атты үш спорт клубын дайындадық. Балалар еш қиындықсыз бірнеше кедергілерден, қараңғы шытырмандардан өтіп, бұралаңы көп баспалдақтармен түсіп-көтерілді. Түрлі спорттық сайыстардың арқасында ең жылдам, ең күштілерді анықтадық. Ал спорттық марштарды бір кісідей болып орындау керектігіне балалар осы сайыста көз жеткізді ғой деп ойлаймыз.

Бар ынталарымен күш сынасып, тарту -таралғыларға қол жеткізген жас спортшылар сүйікті кітапханаларына мынадай керемет суретті естелікке қалдырды:



«БЕЙБІТ АТОМ»

Бс, 01/12/2011 - 15:45 — admin

29 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының акт залында «Тәуелсіздіктің Жиырма шыңы» жиырма жұлдызды күнінің аясында қарашаның 1 мен 25-і аралығында өткен Облыстық «БЕЙБІТ АТОМ» балалар суреті байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды. Бұл «Бейбітшілік белдеуі» деп аталған бүгінгі күннің айтулы оқиғасы болды.

Қазақстанның заманауи қоғамда бейбітшілікті жақтайтын мемлекет ретінде танылғаны бәрімізге мәлім. Жиырма жыл бұрын Семей полигонын жауып, еліміздің ядролық қарудан бас тарту туралы шешім қабылдауы алғашқы жасалған қадам болатын. Осы тақырыптар байқауға ұсынылған балалар суреттерінде көрініс тапты.

Байқауға облыс қалалары мен аудандарынан барлығы 177 шығармашылық жұмыс ұсынылды. Нәтижесінде,

III орынға Кабанова Диана (Таран ауд.), Найдёнова Валерия (Жітіқара қ.);

II орынға Барлымбаева Алмаш (Алтынсарин ауд.) Ганбихнер Евгений (Қостанай қ.);

I орынға Плющева Дарья (Қостанай қ.), Цай Виктория ( Жітіқара қ.) ие болды.

Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы балаларға қатысқандары үшін алғыс білдіріп, алдағы келе жатқан Тәуелсіздік Күнімен құттықтайды.



Тәуелсіздік туралы - on line

Сс, 29/11/2011 - 15:51 — admin

25 қарашада Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен ұландарға арналған облыстық кітапханада ағымдағы жылдың ең елеулі оқиғасы- Қазақстан тәуілсіздігінің мерейтойына арналған интернет-бейнеконференция өткізілді. Конференцияға қатысушылар - жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері және Шымкент және Қостанай қ.қ мектептерінің оқушылары болды.

Әр бала нақтылы түрде өз пікірін айтуға мүмкіндік алды, мысалға алғанда Қазақстан тәуілсіздік жылдары қандай жетістіктерге жетті, дамудың стратегиялық бағдарламасы қалай сәтті түрде іске асырылуда және өз елімздің болашағын қалай көреміз.

Пкірталас қатысушылары біздің мемлекетіміз соңғы жиырма жыл ішінде экономикалық дамуда әсерлі нәтижелерге жеткені жөніндегі ортақ пікірге келді, бірақ, әдетте пікір талас тудыратын жайлар баршылық, әрі қарай ұмтылыс, ал кей жайларды өзгертуде қажет болуы мүмкін. Сонымен бірге, қоғамды өзгертудің ең жақсы тәсілі-оның бір бөлігі болу, өз көшеңде, қалаңда, өз еліңде болып жатқан жағдайларға қызығушылық таныту. Қазақтың халық мақалы былай дейді: «Шапшаң жүргенге шаң жұқпас» - «К быстроидущему пыль не пристаёт».



Электрондық әлемге терезеге

Сс, 29/11/2011 - 15:43 — admin

Қазіргі заман кітіпханасы қомақты деректер базасы бар қуатты ақпараттық орталық ретінде өз пайдаланушыларына электрондық қызметтердің кең спектрін ұсынады. Соңғы техникалық жаңа өнімдердер, жоғары жылдамды интернетпен жабдықталған залдар, және оқырмандармен жұмыс жасаудың интерактивтік нысандары - Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен ұландарға арналған облыстық кітапханасымен ұсынатының ең азы ғана. Дәл осы жерде Қостанай облысы қалалары мен аудандарының кітапханашыларының балғын оқырмандарға қызмет көрсетуде медиатехнологияларды пайдалану бойынша әдістемелік нұсқамалар мен біліктілік кеңестерді қашанда алуға мүмкіндіктері бар.

Өткен аптада мектеп кітапханаларының біліктілігін жоғарлату курстарының тыңдаушылары Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен ұландарға арналған облыстық кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Елена Анатольевна Астафьевамен дайындалған «Электрондық әлемге терезеге» деген дәрісін тыңдады. Үйренуге құштар, өз шығармашылық потенциалын өсіруге ұдайы дайын, сондықтан кәсіби бәскеге қабілеттілігі бар мамандарға қажеттілік, уақыт өте сайын өсуі ғана мүмкін екеніне әріптестер өз ара келісті.



Отбасы құндылықтары сабағы

Жк, 13/11/2011 - 18:11 — admin

Құрметті ата-аналар! Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Жанға жайлы отырыстар» клубының жұмысы жалғасып, әдеттегідей әр айдың үшінші жұмасында сағат 18.00-де кездесу ұйым-дастырылып отыратынын еске салғымыз келеді. Егер өз балаңыздың қамқор, мейірімді, елгезек болғанын қаласаңыз онымен бірге қажетті кітаптарды оқыңыз. Ондай кітаптармен ата-аналар клубы аясында жоғары санатты кітапханашы Васильчишена Наталья Евгеньевна жүргізетін қайырымдылық сабағында танысыңыз.

Кезекті кездесу келесі жұма күні өткізіліп, ол: В. Осеева, С. Аксаков, Ф. Бёрнетт, Л. Чарская, А. Бруштейн кітаптарында сөз болатын отбасы құндылықтарына арналады.

Сіздерді 17-қараша сағат 18.00 -де құшақ жая қарсы аламыз!.


 


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 56 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана