Осыдан бірнеше жыл бұрын Қостанайдан мыңдаған шақырым жердегі өзге елмен осылай оп-оңай хабарласа аламыз деп кім ойлаған? 2009 жылдан бастап Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында бейне конференциялар өткізіліп келеді. Біздің балалармен болған виртуалды кездесулерге қазақстандық (Қарағанды, Шымкент қ.) балалар ғана емес, Ресей (Челябі қ.) және Украина (Севастополь қ.) оқырмандары да қатысты. Негізінен бұл кездесулер Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы, оқу мәселесі, жазушылар мен кітаптардың мерейтойлары сияқты тақырыптарды қамтыды.
Мысалы, 24 сәуірде Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары украиндық құрдастарымен «Ақпараттық кеңістіктегі диалог: бір-біріміз жайлы не білеміз» веб-марафонында әңгімелесуге мүмкіндік алды.