Новости
Мен бұл жерді Отан деп атаймын
Дс, 23/10/2023 - 13:43 — Ольга А№ 11 ЖББМ 1 сынып оқушылары үшін 25 қазанда Республика күнін мерекелеуге арналған "Мен бұл жерді Отан деп атаймын" атты патриоттық сағат өткізілді. Балалар Отан деген не екенін анықтап, "Қазақстан әліпбиде" викторинасына қатысып, жұмбақтар шешіп, орыс сөздерін қазақ тіліне аударды. Іс-шара "Менің Отаным" бейнебаянын көріп, бір-біріне жылы сөздер тілеумен аяқталды. #гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Бетбелгілер
Дс, 23/10/2023 - 09:39 — Ольга АОқу жылында өте қажетті және керекті әр-түрлі бетбелгілер. Түрлі-түсті қағазбен сиқырлы саусақтарды іске қоссақ болды, әдемі бетбелгілер дайын! #гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кітапханаға саяхат
Жм, 20/10/2023 - 16:29 — Ольга АБүгін №10 мектептің 7 сынып оқушылары кітапхана бойынша саяхаттауға келді. Саяхат кезінде балалар көркем әдебиеттердің әр түрлі жанрларға бөлінетінін, ғылыми-көпшілік әдебиеттердің мектептегі пәндерге қосымша материал бола алатынын, сондай-ақ, кітапханада кітап оқудан басқа әртүрлі іс-шаралар өткізіліп, байқаулар ұйымдастырылатынын білді. Балалар қызықты викториналық сұрақтарға жарыса жауап беріп, танымдық үстел ойындарын ойнады.
#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Жаса, Қазақстан!
Жм, 20/10/2023 - 16:03 — Ольга А1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл күн – ұлттық мереке, Республика күні. Республика күнің тойлау барысыныда кітапханамызда «Жаса, Қазақстан!» атты концерттік бағдарлама өтті. Концертке қала мектеп оқушылары қатысты.
#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Жазушылармен кездесу
Бс, 19/10/2023 - 15:47 — Ольга АМол өнімге бай күз мезгілі біздің Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханамызға да молшылық, байлығын ала келді деуге болады. Олай деуіміз себеп біздер үшін аса маңызды Ы. Алтынсарин атындағы Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік әдеби шығарма ІІІ Республикалық байқауы өзінің жемісті мәресіне жетті. 19 қазанда кітапхана оқырмандарының жазушылармен, әдеби байқаудың жеңімпаздары – Кеңесбай Нұрбекпен (Павлодар қ.) және Арукенова Оралмен (Алматы қ.) қызықты кездесуі байқауымыздың бір жылдық жұмыстың нәтижесі.
Оқырмандар үшін жазушымен кездесу-бұл қызықты тәжірибе, жаңа кітаптар мен кейіпкерлермен танысу, шығармашылық мамандық туралы көбірек білу, сондай-ақ қызықты талқылауға қатысу мүмкіндігі.
Кітапхананың жас оқырмандары Кеңесбай Нұрбектің "Ауыл баласының басынан кешкендері" әңгімелерін және Арукенова Оралдың "Мост" хикаясын бірінші болып бағалай алды. Балалар жазушыларға көптеген сұрақтар қойды. Балаларды жазушының өзінің шығармаларының ең жақыны және ең сүйікті кітаптары жайлысұрақтар қызықтырды. Сондай-ақ оқырмандар жазушылардың болашақ жоспарларына қызығушылық танытып, дарынды авторларға үлкен шығармашылық шабыт пен жаңа қызықты кітаптар тіледі.
#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Денсаулық еліне саяхат
Бс, 19/10/2023 - 15:05 — Ольга А«Әйгерім-Ай» жеке меншік мектебінің 4 және 5 сынып оқушыларына, пайдалы және зиянды әдеттер мен күн тәртібін сақтаудың маңыздылығы туралы шағын әңгімелесуден басталған Денсаулық еліне саяхат жасады.
Саяхат балаларға күн бойы жақсы көңіл-күй мен сергектік сыйлады.
#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығарма III Республикалық байқауының қорытындысы
Бс, 19/10/2023 - 13:29 — Ольга АҚостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының қолдауымен үшінші жыл қатарынан балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығарма Республикалық байқауын өткізіп келеді.2023 жылы байқауға Алматы, Астана қалаларынан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарынан авторлар қатысты.
Байқауды кәсіби қазылар алқасы бағалады, оның құрамына педагогтар, педагогика ғылымдарының кандидаттары, баспа жетекшісі, жазушылар, кітапханашылар, сондай-ақ құрамында оқу көшбасшылары, түрлі олимпиадалар мен конкурстардың белсенді қатысушылары бар балалар қазылар алқасы кірді.
Сыйлық балалар мен жасөспірімдерге арналған "Қазақ тіліндегі үздік әдеби шығарма", "орыс тіліндегі үздік әдеби шығарма"номинациялары бойынша үздік шығарма үшін беріледі. Балалар қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша бір арнайы сыйлық тағайындалды.
2023 жылғы байқаудың қорытындысы:
"Қазақ тіліндегі үздік әдеби шығарма" - "Ауыл баласының басынан кешкендері" әңгімелері, Кеңесбай Нұрбек (Павлодар).
"Орыс тіліндегі үздік әдеби шығарма" - "Мост" повесі, Арукенов Орал (Алматы).
Балалар қазылар алқасының арнайы жүлдесі - "Мост" повесі, Арукенов Орал (Алматы).
Біз теледидардамыз
Бс, 19/10/2023 - 08:46 — Ольга АБалалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы «Орыс тіліндегі үздік әдеби шығарма» ІІІ Республикалық байқауының жеңімпазы. - әңгіме «Көпір», Арукенова Орал (Алматы).
«Мамандықтардың кемпірқосағы»
Ср, 18/10/2023 - 17:29 — Ольга А«KAZGUU SCHOOL» жекеменшік мектебінің 6 сынып оқушылары үшін «Мамандықтар кемпірқосағы» экскурс-саяхаты өткізілді.
Аталған іс-шараға қатысушылар викториналар мен конкурстарға қызығушылықпен қатысып, сұрақтарға жауап беріп, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті.
#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
