«Болашағымызды қалыптастыра отырып» облыстық семинары
Өткізілу орны:
Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы «Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ
|
Іс-шараның өткізілу орны:
2021 ж. 25 қараша,
сағат 10:00-15.00.
|
2021 жылы Қазақстан тәуелсіздік алып, егемен мемлекетке айналғанына 30 жыл толады. Осы қысқа мерзім ішінде Қазақстан әлемдік алпауыттармен иық тірестіріп, әлемге танымал бола алды.
25 қараша, Тәуелсіздік күні қарсаңында Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Болашағымызды қалыптастыра отырып» атты облыстық семинары өтеді.
Семинардың негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудегі жаңа атқарымдар, идеялар, басты бағыттар, кітапханалардың өлкетану қызметі, қазіргі заманның өзекті құндылықтарын - патриотизм, руханилық, ұлттық сана-сезім қалыптастыру.
Семинар аясында өлкетану және патриоттық бағыттағы кітапханалардың қызықты, маңызды жобалары ұсынылады.
Семинарға Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары қатысады.
Сондай – ақ, «Рухани қазына-2021» онлайн фестивалінің қорытындысы бойынша «Облыстық маңызы бар Үздік мемлекеттік балалар немесе жасөспірімдер немесе балалар-жасөспірімдер кітапханасы» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы қатысады.
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мамандары тәуелсіз Қазақстанның балалар әдебиетіне шолу жасайды.
Семинар онлайн форматта ZOOM платформасында сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін өтеді.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
8 (7142) 54-27-44 – Теплякова Надежда Минеевна, басшы
8 (7142) 39-11-61 – Видершпан Алла Леонидовна, методикалық және инновациялық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі
Пошта: omir@allib.kz
#30летНезависимостиРК #ҚРТәуелсіздігіне30жыл