Новости


Қазақстан халқының бірлігі күні

Жм, 29/04/2022 - 10:45 — Ольга А

28 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған кездесу өтті. Бізге қонаққа №22 мектептің 11 сынып оқушылары және №7 мектептің 7"а" сынып оқушылары келді. Біздің қонағымыз «Жаңғыру» Қазақстандық немістер бірлестігі» Республикалық қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі - Ольга Андреевна Киколенко болды.

Ольга Андреевна әрбір қазақстандық үшін бұл мереке бейбітшіліктің, келісімнің және патриотизмнің символы екенін, біздің еліміздің аумағында тұратын барлық халықтардың бірлігіне жету көптеген ұрпақтарға қаншалықты ауыр және қиын болғаның айтты.

Мұның барлығы Дала өлкесіндегі неміс этносының тарихы арқылы көрсетілді: Германиядан Ресейге алғашқы қоныс аударушылар, 1941 жылғы қазанда Поволжье немістерінің Қазақстан мен Сібірге департациясы, еңбекқорлық, Қазақстанда екінші Отанын табу, миллионер-неміс совхоздарының өсуі мен гүлденуі, жиырмасыншы ғасырдың 90-шы жылдарында жаппай көші-қон және тағы басқалар.

Ольга Киколенко Қазақстан немістерінің тарихын басқа ұлт өкілдерінен бөлмей, Қазақстанда болып жатқан үдерістерді тұтас ел көлемінде қарастырды. Және бұл барлығына қызықты болып шықты.



IX Облыстық «Сөз құдіреті» байқауының финалы

Сс, 26/04/2022 - 16:16 — Ольга А

26 сәуірде екі жылдық үзілістен кейін IX Облыстық «Сөз құдіреті» байқауының финалы өтті. Бұл байқау 6-7 сынып оқушылары арасында прозалық шығармалардан үзінді орындау сайысы болып табылады. Финалға қалалық, облыстық оқырмандар байқауының жеңімпаздары қатысты. Байқаудың тарихы тоғыз жыл бұрын, 2014 жылдың 24 қазанында басталды. Байқауды балалар әдебиетіне ғашық кітапханашылар ойлап тапты. Негізгі идея-баланың ғана емес, онымен бірге оқитын ата-ананың да көзқарасын өзгертуге арналған, әдебиет шырқалатын жоба жасау; кез келген адамның өсу жолында өмірінде еріксіз туындайтын қиындықтардан аман өтуге көмектесетін әдебиет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2022 жылды ТМД елдерінің халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы, сондай-ақ Қазақстанда бала жылы деп жариялады. Балалар әзірбайжан, армян, белорус, қырғыз, молдаван, орыс, тәжік, өзбек, қазақ авторларының прозалық шығармаларынан үзінді оқыды.

Күрес өте күрделі болды, көбісі ерекше бейнелер мен сөзбен жұмыс істеудің үлкен жетістіктерін көрсетті. Бұл жағдайда қазылар алқасына оңай болған жоқ, бірақ олар өз тапсырмасын орындай алды — марапаттар мен керемет жылы сөздер барлық қатысушыларға арналды.

  1. «Мұра / Наследие» номинациясы
    Қабылбек Айтолқын, Алтынсарин ауд.https://youtu.be/AwrTJTQ722A
    2. «Әртістік шеберлігі / За артистизма» номинациясы
    Сәрсенбаева Даяна, Қостанай қаласы https://youtu.be/5EThpFg3Et8
    3. «Айрықша таңдау / За оригинальность выбора произведения» номинациясы - Новиков Игорь, Лисаковск https://youtu.be/ELuASIKsdZA
    4. «Үздік сахналық бейне» номинациясы -
    Баймлер Злата, Федоровка https://youtu.be/rE89YhwL78E
    5. «Шығармашылық эссе / творческое эссе» арнайы жүлдесі -
    Қасенова Ясмина, Сарыкөл https://youtu.be/IP3HgxQ9KDM

Үш жүлделі орын:
3 орын - диплом, сыртқы диск (сыйлық сертификаты):
Искиндиров Смайыл, Әулиекөл https://youtu.be/G_CHhZjMQOM
2 орын - диплом, смартфон:
Қалмағанбетова Алтынай, Амангелді https://youtu.be/MbafV6g13Kw
1 орын - диплом, смартфон:
Толеубек Аяжан, Наурызым https://youtu.be/yGOgZjAud7w

P.S. Тағы не нәрсеге назар аударуға болады? «Сөз құдіреті» сияқты байқаулар күнделікті өмірді жандандырады, күлкі сыйлайды, баға жетпес естеліктер береді (оны бізбен бірге болғандар ғана түсінеді).
«Сөз құдіреті» арқасында Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК жай ғана сүйікті кітапхана емес, Қостанай картасындағы маңызды мәдени нүкте болып табылады.



Ертегі кейіпкерлерінің энциклопедиясы: АйдаҺар

Сс, 26/04/2022 - 13:35 — Ольга А

Көптеген мифологиялық ертегілерінің кейіпкерлерінің бірі – Айдаһар. Айдаһардың түрлері өте көп.



Дала жұлдызы

Сс, 26/04/2022 - 13:34 — Ольга А
25 сәуірде Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала жұлдызы» брейн-ринг ойыны өткізілді. Іс-шараға Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебінің және М. Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Ойынның басында әр мектеп өз топтарының атын, ұранын таныстырып өтті.
Ойын 6 бөлімнен тұрды:
1. «Ы. Алтынсарин кім?» Жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты қызықты деректер.
2. «Қандай нысан?» Ы. Алтынсарин атындағы облысымыздағы нысандар.
3. «Қай кейіпкер?» Фильворд әдісі бойынша Ы. Алтынсариннің шығармаларынан кейіпкерлерді табу.
4. «Қандай шығарма?» Шығарманың басталуынан Ы. Алтынсариннің қай шығармасы екенін табу.
5. «Жұмбақтар» Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешу.
6. «Эмодзи» Бәрімізге белгілі эмодзи суреттері арқылы Ы. Алтынсариннің шығармаларының атауын табу.
Ойын барысында қатысушылар Ы. Алтынсарин туралы білімдерін ортаға салып, сайысқа түсті. Қатысушылар әр кезеңге тиянақты дайындалып келгендерін көрсетті. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша М. Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебі жеңіске жетті. Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебіне ойынға қатысқандары үшін алғыс хат табысталды.


Off сурет сабағы: Көктем

Жм, 22/04/2022 - 10:46 — Ольга А

Бұл қысқа және сүйкімді шеберлік сабағында біздің сүйікті суретші Оксана Франко-Косинская балаларға талдың бұтақтарын акварельмен қарапайым және тиімді бояуға көмектесетін қадамдарды егжей-тегжейлі көрсетті.

Талдар жанды да сымбатты көрініп, көрермендердің назарын бірден өзіне аударды.



Ұлттың ұлы ұстазы

Жм, 22/04/2022 - 10:27 — Ольга А

Биыл елімізде ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аталып өтуде.

Осы айтулы күнге орай Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Ұлттың ұлы ұстазы» әдеби кеші өткізілді. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 7 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында А. Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі қамтылған бейне-ролик көрсетілді, ұлы ұстаздың ақындық, ғалымдық қырынан басқа әншілік, күйшілік өнері туралы айтылып, қызықты деректер оқылды, оқушылар А. Байтұрсынұлының И. А. Крыловтан аударған мысалдарын оқыды. Іс-шара қорытындысында оқушыларға виторина сұрақтары қойылды. Іс-шарадан тың мәліметтер алған оқушылар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

#Байтұрсынұлы150



Ескі журналдардан Панно шеберлік сабағы

Жм, 22/04/2022 - 10:19 — Ольга А

21 сәуірде біз кәмелетке толмағандарды Бейімдеу Орталығының тәрбиеленушілері үшін шеберлік сабағын өткіздік. Балалармен бірге біз ескі журналдардан осындай әдемі панно жасадық.



«Табиғат – біз тұратын үйіміз»

Бс, 21/04/2022 - 15:42 — Ольга А

«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «табиғат — біз тұратын үйіміз» экологиялық сабағы өткізілді. Балалар табиғатты қалай сақтауға болатынын айтып, ормандағы тәртіп ережелерін еске алды. Жарқын презентацияда балалардың демалыстағы іс-әрекеттері көрсетілді, онда орталық тәрбиеленушілері олардың әрекеттері дұрыс болды ма деген сұраққа жауап берді. Көңілді «Ералаштар» іс-шараға позитивті әсер етті. Сабақ соңында барлығы өнер секторына шеберлік сабағына барды.



Сұрақтар мен жауаптар армиясы

Бс, 21/04/2022 - 08:54 — Ольга А

Биыл Қазақстанның Қарулы Күштеріне 30 жыл толады. Біздің онлайн-дайджестіміз Қазақстан армиясындағы қызметке қатысты кейбір мәселелерді түсінуге, өз өмірін әскери іске арнауға немесе әскери қызмет етуге барғысы келетіндерге көмектеседі.

https://learningapps.org/display?v=p1dgx4txc22



Әдеби бағдарлама: Айзат Рақыш «Балалықтың соңғы күзі»

Бс, 21/04/2022 - 08:03 — Ольга А

Құрметті оқырмандар, бүгін сіздердің назарларыңызға жас жазушы Айзат Рақыштың «Балалықтың соңғы күзі» әңгімелер мен хикаяттар жинағын ұсынамыз. Бұл жинақ үш бөлімнен тұрады: хикаяттар, әңгімелер, әзіл әңгімелер. Әңгімелер желісі қызықты, тілі жеңіл. Кейіпкерлері – мектеп оқушылары мен студенттер, жастар. Жазушы шығараларында қазіргі өзекті мәселелерді негізге алады. Кітапханаға келіңіздер, жазылыңыдар, кітап оқыңыздар!!!


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 122 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана