Бүгін «Жас суретші» үйірмесінің жаңа жылдағы алғашқы сабағы өтті.
Балалар зоналық штрихтау әдісі арқылы түрлі-түсті қарындаштармен және бормен түйеқұстың суретін салды. Бұл техникада сурет салу ұсақ моториканы, ақыл-ойды және шығармашылық қабілеттерді дамытуға ықпал етеді. Біз оларды қалай жасағанымызды тамашалаңыз.
Новости
Off сурет сабақтары: Түйеқұс
Бс, 13/01/2022 - 14:58 — Ольга АОйла: OYLA
Бс, 13/01/2022 - 10:25 — Ольга АOYLA-орта және жоғары сынып оқушыларына, сондай-ақ ғылымға қызығушылық танытқан ересектерге арналған Қазақстандағы алғашқы ғылыми-көпшілік журнал. Журналда жаратылыстану ғылымдары бойынша - математика, физика, химия, биология, астрофизика, гуманитарлық ғылымдар бойынша - тарих, риторика, тіл білімі бойынша көптеген мақалалар, сондай-ақ қызықты оқиғалар, фактілер, теоремалар мен ғалымдардың жаңалықтары бар. 2021 жылғы № 12 нөмірде "Өзің жаса" айдарында Мұз бен жалынның әні - мұз шамдары ұсынылған. Қысқы қыс мезгілінде жалғыз шамды қалай қорғауға болады? Мұз құрышы көмектеседі! Біз XVII ғасырдағы қытай балықшыларының әдісі бойынша мұз шамдарын жасауды үйренеміз.
Толкин Дж. әлемдеріне саяхат.
Ср, 12/01/2022 - 10:01 — Ольга А05.01.2022 жылы Көркем әдебиет бөлімінде кітапханашылар оқырмандармен бірге ХХ ғасырдағы "танымал" кітаптарының тізіміне енген ең ғажайып ертегішілердің бірі Джон Рональд Руэлл Толкиеннің туғанына 130 жыл толуын атап өтті. Оның ең көп оқылатын кітаптар - "Хоббит немесе барып,қайту" романы, "Сақиналар Әміршісі" трилогиясы.
Кітапханаға келушілер үшін "Дж.Толкиеннің әлеміне саяхат" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.", онда ағылшын жазушысы Джон Рональд Руэлл Толкиеннің кітаптары ұсынылған: "Хоббит немесе барып, қайту", "Сақиналар Әміршісі" трилогиясы,... Кітап авторы ... "Толкиен әлемі".... Кітапханашылар келушілермен бірге "Хоббит немесе барып, қайту" кітабы бойынша квиз-ойын (викторина) түрінде саяхат жасады. Бұл роман 2022 жылы 85 жасқа толады. Содан бері кітап оқылды, қайта оқылды және де ол мектеп бағдарламасына енгізілді.
Әдеби микробағдарлама: Басова Е. «Іздер»
Ср, 12/01/2022 - 09:35 — Ольга АЕ.Басованың "іздер" кітабы шынайы болып келеді. Кейіпкерлердің тағдыры оқырмандарды бей-жай қалдырмайды. Біз әрқайсымыз қорқыныш, өз іс-әрекеттері үшін ұят сезімдерді бастан кешіреміз және өмірдегі жақсылыққа, махаббатқа қуанамыз. Біз әрқашан өз әрекеттерімізбен келесі ұрпаққа із қалдырамыз. Бұл кітап 16+ жастағы оқырмандарға оқуға ұсынылады. Евгения Басованың «УезжаюЩИе и остаюЩИеся» («ЩИ»), «Деньги, дворняги, слова» (С. Михалков атындағы халықаралық конкурстың лауреаты), «Сто лет, или Цепочка из рукопожатий» (В. П. Крапивин атындағы Халықаралық әдеби балалар сыйлығының финалисті), «Подросток Ашим» (С.Маршак атындағы сыйлық), «Изо», «Следы» және басқа да кітаптарды оқыңыз.
Күміскөмей әнші
Сс, 11/01/2022 - 11:41 — Ольга АҚазақстан және КСРО халық әртісі атағын иемденген әнші совет үкіметінің, кейіннен тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің көптеген орден-медальдарымен марапатталған. Атап айтқанда, совет өкіметінің Ленин, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерінің, тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы наградасы - «Халық қаһарманы» атағының иегері Роза Баглановаға 100 жыл.
"Жазушы + Кітап = Мерейтой"
Сс, 11/01/2022 - 10:11 — Ольга АДжон Рональд Руэлл Толкиен - әлемдік мәдениеттегі көрнекті тұлға. «Хоббит» пен «Сақиналар әміршісі» шығармаларын жазып, сонымен қатар одан да көп қызықты кітаптар шығарды. Ол адамзатқа бүкіл әлемді сыйлап берді. Кейбіреулер оны зерттейді, басқалары одан демалады, ал үшіншілері оған сенеді.
"Хоббиттер – ол мен болғым келетін, бірақ ешқашан бола алмаған. Олар қалай күресуді білмейді және әрқашан келісімге келу үшін бірге жиналады" Джон Толкин
Жалпыұлттық аза тұту күні
Дс, 10/01/2022 - 09:02 — Ольга АДүйсенбі, 10 қаңтар, Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Қазақстанда барлық мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылды. Адамдар қаза болғандарды еске алады.
Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК ұжымы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.
Жаңа жылды бимен, әзілмен және әнмен бірге қарсы алайық!
Ср, 05/01/2022 - 15:57 — Ольга АДәстүр бойынша кітапхананың бірінші жұмыс күнінде «Жаңа жылды бимен, әзілмен, әнмен бірге қарсы алайық!» атты алғашқы оқырман мерекесі өтті. – деп оқырмандарды ертегі кейіпкерлері қарсы алды, әдеттегідей оқырман формулярларына алғашқы нөмірлер ойнатылды, алғашқы он оқырманға сыйлықтар берілді. Мереке конкурстық-ойын бағдарламасымен жалғасты, оған кішкентай оқырмандар ғана емес, олардың ата-аналары да қатысты!
Жаңа жылдық кітапхана
Ср, 05/01/2022 - 14:00 — Ольга А5 қаңтарда ғылыми-танымал әдебиет бөлімінде «Жаңа жылдық кітапхана» атты тұңғыш оқырман мерекесі өтті.
Жаңа жыл! Жыл сайын сіз жаңа, ерекше, қызықты нәрсе күтесіз.
Бұл жолы ғажайып атмосфераны оқырмандар өздері жасады. Олар Аяз Ата мен Ақшақар, Жолбарыс - жыл символының кейіпркелері болды. Ал балалардың бірі қарапайым емес, сиқырлы күртік қар бейнесінде болды. Олардың барлығы да оқырмандарға ойын-сауыққа, шытырман оқиғаларға, өлеңдер мен әндерге толы мереке сыйлады.
