5+1= Жазда бірге оқиық!

orleu.jpg

«5+1= Жазда бірге оқиық!»

облыстық отбасылық жазғы оқу байқау-акциясын өткізу ережесі
 
1. Жалпы ереже
 
1.1 Осы ереже балалар мен олардың ата-аналары, ұзтаздары, тәрбиешілері, кітапхана қызметкерлері үшін «5+1=Жазда бірге оқиық!» облыстық отбасылық жазғы оқу байқау-акциясын ұйымдастыру мен өткізуді басқарады.
1.2 «5+1=Жазда бірге оқиық!» отбасылық жазғы оқу байқау-акциясын ұйымдастыршылар Қазақстан халқы Ассамблеясы - Қостанай облыстық аналар кеңесі, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.
1.3 Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
1.4Байқау-акцияға қатысу үшін шығармашылық отбасылар, мұғалімдер, кітапхана қызметкерлері, сондай-ақ, қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылады.
 
2. Байқау-акцияның мақсаты мен міндеттері
 
Мақсаты: Отбасылық жазғы оқуды ынталандыру. Отбасылық-туыстық қатынасты нығайтудың, өзара түсіністікті бекітудің және бірге әрекет етудің жаңа негіздерін қалыптастырудың қолданыстағы әдістері ретінде, әртүрлі жастағы балалардың оқу қызығушылығына, бірге оқу-талқылау-шығармаластыққа, «ересек» аудиторияны тарту.
 
Міндеттері:
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде сана ашықтығын қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын ілгерілетуге жағдай жасау;
  • креативтілік, сыни ойлау, коммуникабельділік және командада жұмыс істей білу 4К моделін қалыптастырудың қажетті шарты ретінде отбасының тәрбиелік әлеуетін іске асыру және отбасылық оқуға деген қызығушылықты ынталандыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
  • адамгершілік отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететін балалар мен олардың ата-аналарының оқу, оқу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау;
  • байқау-акция қатысушыларды оқылған кітаптар туралы эссе жазуға және кітаптың бейне - ұсыныстарын жасауға шығармашылық тұрғыдан ойлауға ынталандыру.
Тәжірибелік жүзеге асыру
  • байқау-акция қатысушыларының, отбасыларынан кітаптардың бейне-ұсыныстарының деректер банкін құру;
  • «Топ 5+1: Өз балаңа жақын болу үшін оқу» оқылған кітаптар туралы эссе жинағын құрастыру;
  • Қатысушылардың эсселері негізінде «Ерсектер мен балалардың бірге оқуына болатын кітаптар туралы сұхбаттар» ұсыныс көмекші құралын құрастыру.

3. Байқау-акцияны ұйымдастыру
 
3.1. «5+1=Жазда бірге оқиық!» байқау-акциясы 2019 жылдың 17 маусымы мен 31 желтоқсанға аралағында өткізіледі.
3.2. «5+1=Жазда бірге оқиық!» байқау-акцияны ұйымдастырушылар әртүрлі жастағы балалармен жазғы оқуға арналған 4 топ — 5 кітап ұсынады. (3 қосымшаны қараңыз). Байқау-акцияға қатысушылар оған +1 өзінің ұсынысын қосады.
  • Топ 1: 5 (+1) Сіздің 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаңызбен оқуға болатын балалар кітаптары
  • Топ 2: 5 (+1) Сізді және Сіздің 7 жастан 12 асқа дейінгі балаңызды жақындастыратын балалар кітаптары
  • Топ 3: 5 (+1) Сіздердің бір-бірлеріңізді түсінуге көмектесетін, Сіздің 13 жастан 15 жасқа дейінгі жеткіншегіңізге арналған кітаптар
  • Топ 4: 5 (+1) Бір-бірлеріңіз туралы көптеген жаңалықты білуге көмектесетін Сіздің 16-18 жас аралығындағы ересек балаңыздың кітаптары.
3.3. Әр қатысушыдан 1-ден 6 кітапқа дейін оқу күтіледі. «5+1=Жазда бірге оқиық!» байқау-акциясына қатысушылар:
а) кітаптарды оқып болғаннан кейін шолу жазады - отбасылық оқуға қатысушыларды толғандырған және әсер еткен тұстарын қозғап, оқылған кітап туралы эссе (1-ден 6-ға дейін);
b) әрбір кітаптан оқып болғаннан кейін өздері үшін «қанатты сөзге» айналған нақыл сөзді белгілеп алып, ұйымдастырушылаға жолдайды;
с)өзінің кітабына «+1» бейне-ұсыныс жазады және fedasla@mail.ru электронды мекен-жайына жолдайды.
 
3. 4. «5+1=Жазда бірге оқиық!» байқау-акциясына қатысушылар өтініш береді (1 Қосымша), ұсынылған топтардан бір-бірден немесе бірнешеуден байқау материалдарын fedasla@mail.ru мекен-жайына жібереді (өзінің кітабы туралы эссе және бейне-ұсыныс) (2 Қосымша)
  • байқауға материалдар 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін қабылданады.
3.5. Әр топтағы кітаптардың презентациялары http://www.orley-kost.kz және https://www.allib.kz/ сайттарында көрсетілетін болады. Оқу үшін кітаптарды Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК, қалалар мен аудандардың кітапханаларынан, сондай-ақ ашық кітапхана-сайттарынан алуға болады. (кітаптардың сілтемесі 3 қосымшада).
 
4. Қатысушыларды ақпараттық қолдау:
  • Федас Любовь Анатольевна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ кітапхана ісі жөніндегі бас маманы.
    ТЕЛЕФОН: 8 (7142) 54 16 13 (107); 8 747 140 90 39, E-MAIL: fedasla@mail.ru
  • Шевченко Юлия Борисовна, Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі.
    ТЕЛЕФОН: 8 (7142) 54-11-61, E-MAIL: julia_dashka@mail.ru
  • Видершпан Алла Леонидовна, Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің жетекшісі.
    ТЕЛЕФОН: 8 (7142) 39-00-49, E-MAIL: omir@allib.kz
Барлық жарнамалық және қорытынды ақпарат институт сайтында көрсетілетін болады. http://www.orley-kost.kz және http://www.allib.kz.
 
5. «5+1=Жазда бірге оқиық!»облыстық отбасылық жазғы оқу байқау-акциясының қорытындысын шығару
 
5.1. Байқау-акцияның нәтижесі 2020 жылғы қаңтарда шығарылады.
5.2. Оқылған кітаптар туралы үздік бейнеұсыным мен шолу-эссе авторлары әрбір топ аясында дипломдармен (І, ІІ және ІІІ дәрежелі) марапатталады.
5.3. Оқылған кітаптар туралы шолу эссені бағалау өлшемдері:
Байқауға өз бетімен орындалған шығармашылық жұмыстар қабылданады. Қазылар алқасы эсселерді төрт өлшем бойынша бағалайды, оның әрбіреуінде 0-ден 5 ұпайға дейін қойылған. Ұпайлар төменде келтірілген параметрлердің әрқайсысы бойынша қойылады. Орын бөлу туралы шешім алқалы түрде қабылданады. Ең жоғары орташа ұпай жинаған қатысушы жеңеді.
Оқылған кітаптар туралы шолу эссені бағалау өлшемдері:
  • оқылған кітаптар мен жазылған эссе-шолулардың саны;
  • стилистикасы мен материалды әсерлі жеткізе білуі;
  • шолуды ұсыну ерекшелігі;
  • талаптарға сәйкестігілі;
  • отбасындағы бірнеше адамның қатысуы;
  • жалпы әсер.
5.4. Бейне-ұсынымды бағалау:Бейне-ұсыныс жеңімпаздары Инстаграм әлеуметтік желілерінде онлайн-дауыс беру арқылы анықталады: kstorley және odub.im.altynsarina (лайк саны бойынша). Жазылыңыздар. Ақпараттар қосымша таратылатын болады.
Барлық қатысушы ата-аналар алғыс хатпен марапатталады, Барлық қатысушы мұғалімдер, кітапхана қызметкерлері және басқалар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИсертификатына ие болады. (Сертификаттар сайтқа орналастырылады http://www.orley-kost.kz )
5.5. Байқау-акцияның нәтижесі бойынша 5 қазанда «Топ 5+1: Өз балаңа жақын болу үшін оқу» жинағы және «Ерсектердің оқуына қажетті балалар кітаптары туралы сұхбаттар» ұсыныс көмекші құралы құрастырылады.
 
1 қосымша
 

«5+1=Жазда бірге оқиық!»облыстық отбасылық жазғы оқу байқау-акциясына қатысу үшін өтініш
 


Отбасы мүшелері толтырады
Қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)
 
 
Байланыс телефоны
 
Эл.адрес
 
Кітапханашылар, мұғалімдер толтырады
Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)
 
Жұмыс орны (ауданның /қаланың/ толық атауы) (қысқартусыз).
Лауазымы (кітапханашылар мен мұғалімдер үшін)
 
Байланыс телефоны
 
Эл.адрес
 
 
2 қосымша
 
«+ 1» бейнеролик талаптары
 
  • Байқауға қатысуға тек қана авторлық бейнежазбалар қабылданады. Байқауға ұсынылған бейнежазба авторлық құқығы немесе үшінші тұлғаның құқығын бұзбауы тиіс. Автор «5+1=Жазда бірге оқиық!» отбасылық жазғы оқу байқау-акциясына қатысуға өтініш бере отырып, байқау ұйымдастырушыларына бейнесюжетті қоғамдастықпен байланысу үшін қолдануға эксклюзивті құқық береді.
  • Бейнероликте Сіздің басқа отбасына оқуға ұсынатын 1 кітаптың ұсынымы көрініс табуы керек. Сюжетке ересектер мен балалар қатысуы қажет.
  • Сіздің бейне-ұсынымыңыз анық, айқын әрі мәнерлі болуы тиіс.
  • Бейне-ұсынымның ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс.
  • Файл пішімі: mp4 (сапалы түсірілген жағдайда, ұялы телефон камерасына көлденеңінен түсірілген жазба қабылданады);
  • Қатысушы өтінішті, бейнероликтің сілтемесін немесе бейнероликтің өзін және толтырылған негізгі бетті мына электронды мекен-жайға жібереді: fedasla@mail.ru
  • МІНДЕТТІ! Бейнежазбаның файлына қатысушының аты-жөні жазылуы тиіс!
 
Оқылған кітап туралы эссеге қойылатын талап
  • Эссе байқаулық жоба (жұмыстар Word мәтіндік редакторында орындалады, Times New Roman, 14 қаріп, аралығы1,5. Көлемі -1-2 бет)
 
3 қосымша
 
Қуанышпен оқыңыз!

«5+1=Жазда бірге оқиық!» облыстық отбасылық жазғы оқу байқау-акциясы

қазақ тіліндегі кітаптардың 4 топы
 
ТОП 1:
5(+1) СІЗДІҢ 2 ЖАСТАН 6 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАҢЫЗБЕН ОҚУҒА БОЛАТЫН БАЛАЛАР КІТАПТАРЫ
  1. «Ұр, тоқпақ» (ертегі)-
  1. Ыбырай Алтынсарин. Әңгімелері -
  1. «Достық туралы ертегілер (Қостанайлық авторлар)
ищите в библиотеках города и области
  1. Лев Толстой. «Әңгімелері» -
ищите в библиотеках города и области
  1. Абдугаффор Абдужаббаров «Пісте сатқан бала» –
ищите в библиотеках города и области
 
ТОП 2:
5(+1) СІЗДІ ЖІНЕ СІЗДІҢ 7 ЖАСТАН 12 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАҢЫЗДЫ ЖАҚЫНДАСТЫРАТЫН БАЛАЛАР КІТАПТАРЫ
  1. Зияш Телеуова. «АБКА тобы ашқан қылмыс» -
ищите в библиотеках города и области
  1. Дария Джумагельдинова. «Еркетай есімді Еркеғали» -
  1. Николай Носов «Дымбілместің айға саяхаты»
  1. МұхтарӘуезов. «Көксерек» –
  1. Петер Хэртлиң «Қазанбастың хикаясы» -
ищите в библиотеках города и области
 
ТОП 3:
5(+1) СІЗДЕРДІҢ БІР-БІРЛЕРІҢІЗДІ ТҮСІНУГЕ КӨМЕКТЕСЕТІН, СІЗДІҢ 13 ЖАСТАН 15 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖЕТКІНШЕГІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТАР
  1. Тынымбай Нұрмағанбетов. «Қош бол, ата!» әңгіме -
  1. Даулет Қасенов. «Жаза» әңгіме –
  1. Жайсанбек Молдағалиев. «Құс жолы»
  1. Александр Грин. «Алқызыл желкендер» -
  1. Джордан Сонненблик. «Барабан, қыздар қвуіпті пірог» -
ищите в библиотеках города и области
 
ТОП 4:
5(+1) БІР-БІРЛЕРІҢІЗ ТУРАЛЫ КӨПТЕГЕН ЖАҢАЛЫҚТЫ БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСЕТІН СІЗДІҢ 16-18 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЕРЕСЕК БАЛАҢЫЗДЫҢ КІТАПТАРЫ
  1. МәдиАйымбетов.«Нәзікжаңғырық»повесі –
  1. Бейбіт Қойшыбаев.«Жақсыкөрем»
  1. Е.Тоқтарбай, Д.Смақов, М.Жылқыбай, А.Файзолла«Ақ желкеннің ұландары»шығармалары
  1. Владимир Арсеньев.«Дерсу узала» -
  1. Джон Стейнбек «Алаң көңiл ақпаны» -
 
 
Қуанышпен оқыңыз!
«5+1=Жазда бірге оқиық!» облыстық отбасылық жазғы оқу байқау-акциясы

орыс тіліндегі кітаптардың 4 топы
 
ТОП 1:
5(+1) СІЗДІҢ 2 ЖАСТАН 6 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАҢЫЗБЕН ОҚУҒА БОЛАТЫН БАЛАЛАР КІТАПТАРЫ
 
  1. Агния Барто. Стихи –
  1. А.Баянды Сказки для маленького Ельжана
ищите в библиотеках города и области
  1. Тамара Крюкова. Сказки –
  1. Дейзи Медоус. Серия «Лес дружбы» -
  1. Шарль Перро. Сказки –
 
ТОП 2:
5(+1) СІЗДІ ЖІНЕ СІЗДІҢ 7 ЖАСТАН 12 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАҢЫЗДЫ ЖАҚЫНДАСТЫРАТЫН БАЛАЛАР КІТАПТАРЫ
 
  1. Алексей Шевченко. Сказки –
ищите в библиотеках города и области
  1. Кристина Нестлингер. «Рассказы про Франца» –
  1. Зира Наурызбаева. В поисках золотой чаши –

       4. Лидия Чарская. «Сказки, повести» –

 

       5. Элинор Портер. «Полианна»-

http://lib.ru/TALES/PORTER/pollianna.txt_with-big-pictures.html


ТОП 3:
5(+1) СІЗДЕРДІҢ БІР-БІРЛЕРІҢІЗДІ ТҮСІНУГЕ КӨМЕКТЕСЕТІН, СІЗДІҢ 13 ЖАСТАН 15 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖЕТКІНШЕГІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТАР
  1. Аделия Амраева. «Футбольное поле» –
  1. Нурлан Санжар «Ангелочек» ищите в библиотеках города и области
  2. Владислав Крапивин. «Рыжее знамя упрямства» –
  1. Ролланд Смит. «Пик» –
  1. Татьяна Шипошина. «Ангелы не бросают своих» –
 
ТОП 4:
5(+1) СІЗДІ ЖІНЕ СІЗДІҢ 7 ЖАСТАН 12 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАҢЫЗДЫ ЖАҚЫНДАСТЫРАТЫН БАЛАЛАР КІТАПТАРЫ
  1. Элс Бейртен. «Живи и беги» -
  1. Дарья Доцук. «Голос» -
  1. Есенаман З. «Хардкор -
  1. Жвалевский А., Пастернак Е. «Пока я на краю» -
  1. Лиханов А. «Сломанная кукла» –

Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 30 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана