Біз Ыбырайды білеміз бе?

Дс, 25/11/2019 - 16:26 — Ольга А

2019 жылдың 25 қарашасында Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұлы жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеу және ағартушының тәрбиелік шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Сәтбаев қаласының «№ 19 мектеп-лицейі» КММ 8сынып оқушылары және Қостанай қаласының № 18 орта мектебі 8сынып оқушыларының қатысуымен «Біз Ыбырайды білеміз бе?» атты зияткерлік онлайн ойыны өткізілді.

Зияткерік ойын 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең «Шежіре». Мұнда Ы.Алтынсарин өмірі,туғандары жайлы сұрақтар қойылды. Екінші кезеңде «Сандар сөйлейді» деп аталады. Мұнда Ы.Алтынсаринге қатысты хронологиялық даталар мен атаулы оқиғаларға байланысты сұрақтар қойылды. Үшінші кезең «Кел, балалар,оқылық» деп аталады. (Ы.Алтынсарин шығармаларын жалғастырып және атауын табу). Төртінші кезең «Ойашар» деп аталады. Мұнда Ы.Алтынсаринге қатысты әр түрлі саладағы сұрақтар қойылады. Әр топтар Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы жайында өзара кезекпен бір-біріне сұрақтар қойды. «Көреремендерден сұрақ» деген кезеңінде қатысушыларға қара жәшікте не жасырылығанын анықтау қажет.

Ойын басында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Заитов Мақсат Ақылбек Шаяхметовтың Ы.Алтынсаринге арнап жазған «Мөлдір бұрақ көзін ашқан» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.

Шара соңында барлық қатысушы оқушыларға сертификат, ал ұстаздарға алғыс хат берілді. Іс-шара жоғары деңгеңгейде өтіп, мақсатына жетті.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 214 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана