Сан қырлы Абай

Бс, 05/03/2020 - 13:32 — Ольга А

Жыл сайын наурыздың алғашқы сәрсенбісінде Дүниежүзілік дауыстап оқу күні өткізіледі. Акцияның мақсаты: оқуды қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау және өз эмоцияларын басқа адамға беру тәсілі ретінде көрсету. Біздің кітапхана бұл акцияны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығымен байланыстырды. Қазақтың ұлы ақыны, сазгері, ағартушысы, ойшылы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы А.Құнанбаевтың есімі баршаға аян және бәрі үлгі тұтады. Оның шығармалары жақсылыққа тәрбиелейді, ой-өрісті дамытады. Ақын шығармаларымен сусындап, ұрпақ жалғастығы жоғары сана-сезіммен жалғасуда.

Акцияға № 11 мектептің 7 сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандары атсалысты. Кітапханашылар балаларды ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әртүрлі тілде жазылған шығармалар қойылған «Сан қырлы Абай» кітап көрмесімен таныстырды. Акцияны «Алыстан сермеп» әнімен Әлібек Айтбай ашты. Одан кейін Абайдың «Әсемпаз болма әр неге», «Ғашықтың тілі-тілсіз тіл», «Қыс», «Патша құдай, сыйындым», «Жігіт сөзі», «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» және басқа да шығармалырын оқыды. Балалар өздерінің сезімдерін жасыра алмады, ұлы ақын-ойшыл өз шығармаларында айтқысы келген ой мен сезімді жеткізгілері келді.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 162 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана