2018 жылы жаңа мереке — шілденің бірінші жексенбісінде атап өтілетін ұлттық домбыра күні пайда болды. Домбыра қазақтардың тарихымен тығыз байланысты. Қиын да, бақытты күндерде де халық әрдайым маңызды оқиғалар мен толғаныстарын домбыраның күмбірі арқылы жеткізіп отырған. Домбыра - ежелден көшпенділер өмірінде өте маңызды орын алады, бұл біздің мәдени мұрамыз. Бүгінде домбыра-қазақтың «төлқұжаты мен бренді». 2 шілде күні домбыра күнін мерекелеу аясында кітапханаға қарама -қарсы Пушкин аллеясында «Домбыра - асыл мұра» акциясын өткіздік. Қатысушылар мен көрермендер үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ мереке туралы ақпараты бар флайерлер дайындалды.
Домбыра — асыл мұра
Жк, 04/07/2021 - 10:24 — Ольга А