15 қарашада ақын, жерлесіміз Мәриям Хакімжанованың туғанына 115 жыл толады. 10 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы кітапханада «Жыр-ана» атты әдеби кеш өтті.
Іс-шараға М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектептің жетінші сынып оқушылары белсене қатысты. Балалар «Ана даусы», «Бүгін», « Шынаға бер, ширай бер» өлеңдерін оқыды, ал кітапханашы Хакімжанованың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, «Мәншүк» поэмасын оқып берді.
#30летНезависимостиРК #ҚРТауелсіздігіне30жыл