Кітаптың салмағы қандай?

Сс, 23/10/2012 - 10:55 — Айжан К

Расында да, әлемдегі ең ауыр кітаптың салмағы қандай болуы мүмкін? Мысалы, атақты Клементинумде - Карлова университетінде (Прага қ.) 160 есектің терісінен жасалған, салмағы 75 килограммға дейін жететін, әлемдегі ең ауыр салмақты "Codex Gigas " немесе "Библия дьявола" кітабы көрмеге қойылды. Атауы қандай суық болса, кітаптың жасалуына байланысты да түрлі қорқынышты қауесеттер тараған, кітап беттері құпияға толы суреттермен безендірілген- осының бәрі көпшіліктің кітапқа деген қызығушылығын арттырып отыр :)

http://lifeglobe.net/blogs/details?id=933

Ал біздің сүйікті оқырмандарымыз бір күнде қанша килограмм кітап әкетеді екен? Абонемент кітапханашылары бұны анықтау үшін кәдімгі таразы көмегіне жүгінді. Нәтижесінде не болды деп ойлайсыздар? Сенесіздер ме, бір күнде кітапханадан 12,7 килограмм кітап оқуға алынды. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, кітапханашылар сырттай нәзік көрінгенімен осындай ауыр салмақты жұмыс атқарып жүр :))

Ал Жастар кітабының Фестивалі өз жалғасын табуда. Ертеңгі күні «Оқу керек пе, керек емес пе?» пікірталасына қатысып, «Тілегені алдынан іздемей- ақ табылған» диалогында қаламыздың атақты адамдарымен кездесе аласыздар және кітапханалық «еркіндік алаңында» өз шығармашылық қабілетіңді танытып, жұлдызға айналу мүмкіндігіне ие бола аласыз..


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 159 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана