Басты назарда: кітапхана қорын ұйымдастырудағы өзекті мәселелер

Дс, 12/11/2012 - 13:08 — Айжан К

Қазіргі таңда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты кітапхана бірлестіктерінің алдында кітапхана қорына қатысты өткір сұрақтар туындап отыр: заманауи кітапхана қоры дегеніміз не, ол неден құралады, жаңа деңгейде оны қалыптастыру керек, тиімді құрамы мен таңдаудың басты көрсеткіштері қандай, кітапхана қорына не және қандай тасымалдау құралдарында енгізілуі керек, қалай оны есепке енгізіп, қолдану керек және қолданукерек? Қостанай облысының кітапхана мамандары Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК 7-қарашада өткен «Басты назарда: кітапхана қорын ұйымдастырудағы өзекті мәселелер» семинарында осы сұраққа жауап табуға тырысты.

Жыл сайын өтетін кітапхана ісінің жайы мен мәселелеріне арналған кәсіби іс – шараға Алтынсарин, Әулиекөл, Қарабалық, Меңдіқара, Сарыкөл, Фёдоров және басқа аудандардан, Рудный, Лисаков қалаларынан, Қостанай ОБК 26 маман қатысты. Облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Шевко И. В. құрметті қонағымыз болды.

Семинар - 2012

Семинар - 2012

Негізгі сұрақтарды талқыламас бұрын әріптестіріміз әдіскер Алексеева О. А. дайындаған әдеби викторинаға қатысып, балалар әдебиеті саласы бойынша өз білімдерін көрсетті. Балалар кітапханашылары талай қитұрқы сұрақтардан сүрінбей өтіп, намысқа тырысып бақты, ал Лисаков қ. кітапханашылары жоғары ұпайға ие болып, өз оқырмандарына бірнеше жаңа кітапша алып кетті.

Семинар - 2012

Бұдан кейін Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының облыстағы балалар кітапханаларының әдістемелік орталығы ретінде атқарған жұмыс тәжірибесі сөз болды. Әдебиетпен жабдықтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі И. М. Кошкина «Балаларға арналған кітапхана қоры: қалыптасу ерекшелігі мен жолдары» тақырыбында баяндама оқып, ОБЖК қорының құрамы, құрылымы, жабдықталуы жайлы сөз қозғады және кітапханашылардың қормен жан – жақты әрі үздіксіз жұмыс істеуінің арқасында ғана қор тиімді жабдықталып, қолданыста болатынына тоқталып өтті.

7-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі С. В. Сушкова жасөспірім оқырмандарға арналған қорды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, кітап сөрелеріне балалардың назарын қалай аударуға болатынын айтып өтті.

Қостанай облысындағы балалар кітапханаларының қорының жай – жапсарын Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Байгенжина С. М. сандар тізбегі арқылы оңай жеткізе білді.

Семинар - 2012

Содан кейінгі әдіскер А. Л. Видершпан көмегімен дайындалған «Кітапхана қорлары: жағдайы мен келешегі» атты әдеби шолу заманауи кәсіби баспа ұсынған көлемді ақпаратты меңгеруге мүмкіндік берді.

Сөйлеушілер теориялық бөлігімен қатар практикалық жағын да назардан тыс қалдырмады. Нақты практикалық тәжірибелер мен сандар тыңдаушылардың қызығушылығын оятып, оларды өз тәжірибелерімен бөлісуге итермеледі, сұрақтар туындатты да осының бәрі тұтасып келіп «Кітапхана қоры: мәселелер, шешімдер, ізденістер» атты дөңгелек үстелде кеңінен көрініс тапты.

Семинар - 2012

Кітапхана қорын ұйымдастыру сияқты күрделі тақырыпты көтерген семинардың қортындысын жасай келе, негізінен өз кітапханасының қорын үнемі зерттеп сараптауға, ақпаратқа жол ашатын жаңа құралдарды қолдану мүмкіндіктерін ескере отырып, балалар әдебиеті саласындағы білімдерін жетілдіріп, жаңартуға және өз кітапханасының ғана емес, ауданның жалпы кітапханалық жүйесіндегі балалар әдебиетімен жабдықтауға байланысты сұрақтарды назардан тыс қалдырмауға қатысты нақты нұсқаулар қатары анықталды.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 81 guests қонақ.

Кәзіргі уақытта сайтте падаланушылар

  • Ольга А

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана