English Club

Бс, 03/11/2022 - 16:01 — Ольга А

Демалыс уақыты-балалардың ғана емес, ата-аналардың да көптен күткен және сүйікті уақыты! Ата-аналар үй тапсырмасынан үзіліс жасай алады, ал балалар бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Сол үшін біз не істедік?! біз жақсыны пайдалымен үйлестіру үшін бәрін жинадық! Шет тілінің ортасына қайта оралып, өзара бір-бірімен әрекеттесуден көп рахат аламыз деп шештік. Балалар әр түрлі ауысымда оқиды, сол себептен олар үйірмеге  белгілі кесте бойынша ғана келеді. Сондықтан демалыс кезінде олардың барлығын бір уақытқа жинап, ойындар мен қызықты жаттығулар жасайтын бірлескен іс-шара өткіздік.

Мен сабақты балаларды тілге бейімдеу үшін ми шабуылынан (Brainstorm) бастадым. Балалар  ДЕМАЛЫС (Holidays) сөзіне ұйқас сөздер айту керек  болды. Әрине алдынғы жауаптар берілген сөзге алыс сөздер болды, бірақ кейін жауаптар  қарқыны күшейе түсті. Содан кейін олар "сұрақ-жауап" ойынын ойнады. Балалар бір-бірінің жауаптарын қызығушылықпен тыңдады. Әр бала жасына сәйкес ойландыратын жаттығулар жасады. Содан кейін үлкен жастағы балалар тұрақты емес етістіктермен карта ойнады, ал кіші балалар УНО ойынын ойнады. Сабақ достық және көңілді атмосферада өтті.

#балаларжылы


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 311 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана