«Денсаулық еліне саяхат»

Дс, 05/06/2023 - 16:06 — Ольга А

Денсаулық — зор байлық! Сондықтан балаларды кішкентай кезінен өз денсаулығына ұқыпты қарауға үйрету өте маңызды.

Жазғы сауықтыру алаңының балалары үшін «Денсаулық еліне саяхат» викториналық ойыны өткізілді.

Іс-шара денсаулық, пайдалы және жаман әдеттер және күн тәртібін сақтаудың маңыздылығы туралы шағын әңгімеден басталды. Содан кейін балалар Денсаулық еліне қызықты саяхат жасады. Әр түрлі станцияларға барып, викториналарға, ойындар мен жұмбақтарға қатысқаннан кейін, балалар біздің денсаулығымыз үшін жаттығулар жасау, тазалықты сақтау, дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу және спортпен шұғылдану өте маңызды деген қорытындыға келді.

Викторина ойыны балаларға күні бойы жақсы көңіл-күй мен сергектік сыйлады.

Соңында "Гигиена және салауатты өмір салты" мультфильмі көрсетілді.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 72 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана