8 ақпан күні Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде Әбділда Тәжібаевтың 115 жылдығына арналған «Толағай ақын – толастамас жыр» атты әдеби кеші өткізілді. Әдебиет білгірі, филолог, зерттеуші, профессор, ақын артына мол мұра қалдырды.
Шараға №11 орта мектептің 7-8 сынып оқушылары шақырылды.Оқушылар дайындықпен келіп, ақынның өлеңдерін оқыды. Жиналғандарға «Сырдария», «Ақ қалпақ», «Балапандар жыры» өлеңдерінің жолдары ерекше ұнады. Ұстаздар ақынның және оның шығармашылығы туралы жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараның ең белсенді қатысушылары мадақтамамен марапатталды.