Әйел деген әдемі ғой, әдемі…

Дс, 17/03/2014 - 14:21 — Айжан К
Бақытқа қол жеткізу қиын емес!..
 
6 наурызда Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК кішкентай оқырмандарымыздың сүйкімді аналарының қатысуымен психологиялық тренинг өтті. Кітапхана қабырғасында осымен үшінші рет күнделікті күйбеңнен құтқарып, жағымсыз ойды ұмытттыратын,жағымды әсер сыйлайтын ғажайып релаксация сағаты жүргізілді. Көктемнің керемет мерекесі қарсаңында осындай іс-шара өткізудің қаншалықты маңызды екенін айтудың еш қажеті жоқ шығар деп ойлаймыз!
 
news-12.03.14-1.jpg
 
Осындай керемет тренингтерді өткізген психолог Вера Андреевна Гаан өзінің қонақжайлылығымен, ашық жарқын көңілімен тыңдаушылар қатарын жаңа адамдармен толықтырды.Бұл жолы да танысу мақсатында Вера Андреевна ұсынған «Сұхбат» жаттығуы қатысушылардың бір – бірімен жақынырақ танысуларына мүмкіндік берді. «Әйел деген әдемі ғой, әдемі», «Әйел үшін маңызды…», «Әйел бақыты », «Егер мен сиқыршы болсам, әйел өмірін өзгертер едім …» – сөз қозғалғаннан – ақ жүздерінде күлкі ойнаған қатысушылар өзінің жүрек түкпіріндегі сырларымен бөлісуге асықты. Расында да, өзіңді әдемі,табысты, құрметті сезіну үшін көп нәрсе қажет пе?..
 
news-12.03.14-3.JPG
 
Бұл күні қатысушылар қарапайым өмірде жетісе бермейтін жағымды әсерге бөленіп, күлкіге қарық болды, бағалы кеңестер алып, оны бара салысымен іске асыру керек деген нық сеніммен тарқасты.
 
news-12.03.14-2.jpg

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 167 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана