Балалар апталығының бір күні «Соғыстың балалары» деген атаумен өтті. Бұл күні сол сұрапыл соғыс кезінде үлкендермен бірге ерлік көрсетіп,оларға көп көмек тигізіп,заводтар мен суық далада үлкендердің атқарған жұмыстарын атқарған,Отанды қорғаған партизан-балалар жайында айтылды. Өздерімен қатарлас балалардың өмірі мен тағдыры жайлы үлкен қызығушылықпен тыңдап, олардың өмірінен алынған көріністерді тамашалады. Көрермендер «Соғыс балалары»атты қоғамдық бірлестіктің төрағасы В.М. Синельниковтың сөйлеген сөзін өте жылы қабылдады. Ол өзінің соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп,жүрегінен шыққан тамаша өлеңдерін оқыды.