Өмірін өлеңімен өрнектеген

Бс, 17/11/2016 - 11:05 — julia

15 қарашада тамаша ақын, біздің жерлесіміз Мәриям Хакімжанованың 110 жылдығына орай іс-шара өткізілді және оған № 11 мектептің жетінші сынып оқушылары шақырылды. Балалар іс-шараға дайындалған презентациядан ақынның өлеңдерін оқыды. Ақынның кітаптары кітап көрмесіне қойылды.

Мәриям Хакімжанованың ақындық қабілеті кездейсоқ емес, ол оған атасы – Ыбырай Алтынсариннен берілген. Мәриям Ыбырай атамыздың әкесінің інісі Қошаннан тарайды. Мәриям апамыз 1906 жылы 15 қарашада Мезгіл деп аталатын елді-мекенде қазіргі Алтынсарин ауданының Щербаков ауылынан алыс емес жерде дүниеге келген. Табиғаты көркем, шөбі шүйгін, Қостанайдың ашық аспанында ақынның балалық шағы өтті. Алғашқы өлеңі 1929 жылы басылып шықты. Өлеңдері Ұлы Отан соғысы жылдары майдан және республикалық газеттер мен журналдар беттеріне жарияланып отырды. Мәриям Хакімжанова ұзақ өмір сүрді және өмірі ауыр болды, ол 1995 жылы дүниеден өтті. Ақынды еске алатын жеке заттары, кітаптары мен басқа да жәдігерлері Қостанай қаласында Ы.Алтынсарин мұражайында сақтаулы. Бүгінгі күнде кітапханадан алып оқуға болатын «Ана жүрегі», «Асу» және т.б. өлең жинақтары ақын жайлы естеліктер болып қала бермек.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 116 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана