2016 жылдың 18 қарашасында Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мәжіліс залында «Жемқорлықпен күрес» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өтті. Кездесуге Қостанай гуманитарлық колледжінің кітапханашы бөлімінің 2 курс студенттері шақырылды.
Іс-шара барысында студенттер сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен формалары жайлы ақпарат алып қана қоймай, онымен қалай күресу керек екендігін де меңгерді; «енді қайтемін?» деген сұрақтарға жауап беретін, өмірден алынған жағдайлар ұсынылды, өлеңдердің инсценировкасын өткізді, сонымен қатар қатысушылар жемқорлық болған жағдайда қайда және кімге жүгіну керектігі жөнінде бірқатар ұсыныстар алды.
Жемқорлықпен күрес
Дс, 21/11/2016 - 16:44 — julia