Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың

Сс, 12/09/2017 - 16:28 — julia

Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК Мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде біздің кішкентай оқырмандарымыз бен ата-аналарүшін отбасы күніне орай «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» атты форматтан тыс кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Орталық сөре баланың жатын төсегінің шымылдығы және балаларға арналған арбамен ерекше безендірілген кітап көрмесі бір көргеннен өзіне назар аудартады. Сөре бала бесігімен безендіріліп, қырыққабат жапырағы ішінен балақай барлығын бақылауды . Иә, дәл сол қырыққабат ішінен тапқан балақай.

Көп жағдайда ата-аналар балалардың «Мен қайдан пайда болдым?» деген сұрағына жауап беру қиынға түсіп жатады, міне сол жағдайда біздің көрмеміздегі ерекше таңдалған кітаптар көп көмегін береді деген ойдамыз. Егер бала қойған сұрағына жауап алмаса, ертең жаңа сұрақтар қойылды, тағы жауап болмаса ата-ана мен бала арасында рухани байланыс үзіледі.

«Мен қайдан пайда болдым»

Көрменің бірінші бөліміндегі кітаптар осы және т.б.балалардың осы сұрағына лайықты жауап береді.Көрмедегі Яноух К. «Как я появился на свет», Дюмон В. «Откуда я взялся» деген авторлардың кітаптары сол сұрақтарға жауп беріп көп көмегін тигізеді.Көрмеге ары қарай саяхат жүргізсек,жас ата-аналар бесік жыры мен 3 жасқа дейінгі кішкене балаларға арналған өлең тақпақтармен таныса алады.

“Мен қандай боламын...жақсы не жаман” деп аталатын бөлімде осы және басқа сұрақтарға жауап беретін «Новый ребенок-гений с пеленок» және Ольга Корнееваның «Лучшие на свете – воспитанные дети» атты кітаптары өз оқырмандарын күтуде. «Кітап оқу білгенім қандай жақсы» атты бөлімде баланың мектепке дайындалуына көмектесетін үлкендерге арналған тест сұрақтар,әліппелер және көп сұрақтарға жауап беретін кітаптар «негештер» қойылған.

“Бірінші рет-бірінші сынып” бөлімінде алғаш мектеп табалдырығын аттаған балалар өмірі жайында айтатын тамаша көркем шығармалар топтамасы жинақталған. Одан: Р.Дальдің «Матильдасымен», М. Бершадскаяның «Большая маленькая девочкасымен», К. Нестлингер «Новые рассказы про Франца и школу», Т.Парвеланың. «Элла в первом классе», М. Нильсоннің «Цацики идет в школу», И. Ольшанскийдің «Несколько смешных историй из жизни семилетнего человека, которому не везет» атты шығармаларымен таныса аласыздар.

«Ата-аналар сіздер үшін» деп аталатын бөлімде аналар мен әкелер,әжелер мен аталар үшін тамаша кітаптар тізіліп өз оқырмандарын күтуде. Одан әйгілі психологтар менпедагогтардың және сондай-ақ көркем шығармалармен таныса аласыздар. Олар: Э.Успенскийдің «Воспитание взрослых», «Папамамалогия», «Домашние одичавшие взрослые»; А.Раскиннің «Как папа был маленький»; А.Вестлидің «Папа, мама, бабушка. Восемь детей и грузовик», М.Барановскийдің «Я воспитываю папу» және Н.Майорош «Семья 3х1» Г. Мебстің «Бабушка!- кричит Фридер», Н. Белопольскийдің «Такие неформатные дети» атты кітаптары сіздерді ойландырып,әр жағдайдың өз мүмкіндіктері барына назар аудартады.  

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 224 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана