Қуыршақ театрына саяхат және «Қонжық Рим-Тим-Ти»

Сс, 17/04/2018 - 10:37 — julia

14 сәуір «Хикаяттар сандығы» театр студиясына қатысушылар үшін есте қалар күн болды. Біздің жас әртістер бұл күні Облыстық қуыршақ театрына саяхаттап қайтты. Театрдың қоюшы режиссері — Юлия Викторовна Семенова театрдың тарихы туралы айтып, болашақ спектакль мен оның кейіпкерлерінің декорациясы жасалатын, қасиеттінің қасиеттісі — шеберханаға апарды. Шырық арқылы қозғалатын, планшетті, саусақ, үлкен қуыршақтар тұратын қуыршақтар орнын көрсетті.

Юлия Викторовна балаларды ең кәрі қуыршақ — әже қуыршақпен таныстырды, ол 30 жаста! Әрине, бұл әже үшін кәрілік емес, ал қуыршақ үшін өте көп, ал ол болса, әлі де спектакльде ойнап жүр! Балалар қуыршақтардың да ұрысатынын, кейін достасатынын, егер оларға дұрыс қарамасаң, дәл қолайсыз уақытта жарға жығатынын білді.

Түлкі мен үш торай, Емеля мен Шұбар тауық, тіптен Балалар кітабы апталығында ойнаған ертегі кейіпкерлері Алдар көсе мен Шығай бай да жас әртістерге шығармашылық табыс тіледі, ал Түйме қыз болса, балаларды көрермендер залына шақырды. Балалар «Қонжық Рим Тим Ти» ертегісі әлеміне енді.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 93 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана