Мысықтар күні — мысықтардың құрметіне әлем бойынша аталып өтілетін бейресми мереке. Ресейде «Кот и пес» журналы мен Мәскеу мысықтар мұражайының бастамасымен, 2004 жылдан бастап оны көктемнің алғашқы күндерінде атап өтеді.
Біз де осы мерекеге қосылып, №2 мектептің 3 „б„ сыныбының балаларына мысықтар туралы ғана емес — сүйкімді әрі ерке үй жануары туралы, әртіс мысықтар туралы, Мәскеуде әлем бойынша тұңғыш «Кошкин дом» театрын құрған атақты сайқымазақ туралы айтуды жөн санадық. Оның есімі Юрий Куклачев, ол — мейірімді сайқымазақ, ол — Сайқымазақтардың алтын тәжінің иесі. Өзінің мысықтарымен Куклачев бар әлемді таңғалдырды. Ол мысықтары туралы кітап жазған. Олардың бірнешеуі біздің кітапханамызда бар. Мысалы, Наталья Владимировамен бірге жазған «Мои друзья - кошки», «Веселая арена», «Самый обычный сундучок» кітаптары.
Ал біздің кітапхана сандықшамызда әдеби мысықтар өмір сүреді. Біз балалармен бірге бас кейіпкері мысық болған кітаптарды есімізге түсірдік, себебі, оларға атақты жазушылар мен тіпті суретшілер де шығарма арнаған. Бұл Күміс тұяқ туралы ертегі жазған Павел Бажов және мысық Епифана туралы әңгіме жазған Евгений Чарушин, мысық Леопольд туралы оқиғаларымен Анатолий Резников, «Алтын кілт» ертегісімен Алексей Толстой …
Ерекше ақылды, өте әдемі, адал, өз адалдығын ашық көрсете білетін тәуелсіз жаратылыс туралы осы және өзге де кітаптарды оқуға уақыт табыңыздар.