Өлеңдер сөйлесін

Ср, 15/01/2020 - 11:22 — Ольга А

Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден"

Ә дегеннен ғибрат алып келем.

Ұлттар үшін.

Жүз томдық жыр сездігі, деп-балаларға арнап көптеген қызықты өлеңдер жазған және сол балаларға арнап жазған өлеңдеріммен шынығам деген қазақтың қадірлі ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әли ағамыздың 85-жылдық мерейтойына орай кітапханамызда бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Олар Қадыр ағамыздың қысқаша өмірбаяны мен естелігі жайлы сөз ететін «Балдырған жұлдыздарының шашуы» атты кітап көрмесі, сондай-ақ «Өлеңдер сөйлесін» деген атаумен өлеңдерін жатқа айту бойынша он күндік жыр микрофоны және мәнерлі де мәнді «өлеңдері қалтада» атты акция өтті. Қазіргі таңда ақынның өлеңдерін білмейтін адам кемде кем шығар. Оларды оқи бересің, ойлана түсесің. Өлеңдерін жатқа оқып, осы шараларға қатысқан оқырмандар ағамыздың тек қана өзіне тән ерекшелігі бар екендігін айтып, шынайы талант иесі, туған халқының тұтастығын қадір тұтқан қадірлі Қадыр ағамыздың поэзиясынан өздері рухани сусындап алғандарын айтып тарасты. Ал кішкентай оқырмандар Қадыр ағамыздың өлеңдерін қалай түсінгендерін әңгімелеп берді. Қадыр Мырза Әлиді ағамызды еске алу бағытында өткізілген іс-шаралар әр оқырманның жүрегінен өзінше орын қалдырғаны сөзсіз. Әртүрлі оқырман тобы, қатысқаны 21.

Видео


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 61 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана