Жажда человечности

Жм, 31/01/2020 - 13:09 — Ольга А

Кітап оқу әр адамның жеке ісі сияқты болып көрінетіні анық. Бірақ кейде талқылағың келетін, өзіңнің алған әсіріңмен бөліскің келетін, сұрақтар қойғың келетін кітаптар түсіп жатады. Біздің айналамыздағылар кітап оқуға қызықпайтын болса, не істеуіміз керек? Неесе біздің таныстарымыз мүлде басқа нәрсені жақсы көрсе? Кітап клубтары! Міне сені қай жерде тыңдайды, сенің сезіміңіді бөлісетін адамдар табылатын орын осы! Ы.Алтынсарин атындағы кітапханада жасөспірімдерге арналған «Жажда человечности» (ЖЧ) пікірталас клубы жұмыс істейді.

Клубтағы кездесулер — балама пікірлерді тыңдау және оқыған нәрсені басқа қырынан қарау мүмкіндігі. Клуб аясында біз бұрын естімегенді және өздерің мүлде таңдап оқымайтын кітаптарды талқылаймыз. Қатысушылардың таңдауы үнемі жаңа авторларды, шығарманы немесе толық бір жанрды табуға көмектеседі. Бізде дұрыс жауаптар жоқ, барлығын кітап туралы бір пікірге тоғыстыру мақсатымыз да жоқ, біздің мақсатымыз — әңгімелесу. Өздерің сияқты жақсы кітап таңдай білетіндердің компаниясында болғың келе ме? Кітапханаға ЖЧ келіңіз!

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 249 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана