Кежегарина, З. Кітап оқу әлеміне алғашқы қадам


 

Кенжигарина Зоя Әлмуқанқызы,
Қостанай қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық
балалар мен жасөспірімдер кітапханасының


«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады» деген Мұхтар Әуезовтың сөзімен келіспейтін жан бола қоймас.

Шынымен де, кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап-барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда тап-тырмайтын баға жетпес дүние.

«Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн». Сондықтан да кітап атаулы мен дос бола бастау сәби шақтан басталу керек.

Баланың ой - өрісін дамытудағы дамыту ойын-дары, табиғатпен байланыс, музыкалық білім және т. б. қатар маңызды орындардың бірі кітап оқу болып табылады. Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды.

Бүгін біз «байлықтың үлкені - рухани дүние» деп айтамыз. Ал, оған құмарлық адамның кіп -кішкене кезінен басталады. Сәби тілі былдыр-лап шыққаннан ақ сүтін емізген анасының әлди әуеніне құлақ түреді. Әжесі мен атасының жа-рыса айтқан ертегілерін қызыға тыңдайды. Жалмауыз кемпірдің жауыздығын естігенде жәудіреген жанарларына үрей ұялайды. Батырлық пен тапқырлық туралы айтылатын жерлерінде жаны жадырап, рақаттанып отыра-ды. Осы құштарлықты әдемі безендірілген суретті кітапшалар ұштай түсетінін де үлкендер жақсы біледі. Ал кітап таңдай алудың өзі үлкен өнер. Балалар үшін барлық іс - кітаптар таңдауда, на-шар таңдап алынған кітаптарды оқу бала үшін ештеңе оқымағаннан да гөрі жаман да, зиян-ды. . .


 

Балаларымыз шет ел шығармаларын оқығаннан гөрі өз халқымыздың әдет-ғұрпын салт-санасын үйрететін шығармаларды оқу әлде қайда тиімді болар еді.

Халқымыздың әдет - ғұрпы мен дәстүрін, та-рихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналды-ру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Әйткенмен дәл қазір жастар түгіл үлкендердің өзі әдеп - ғұрпымыз бен салт - дәстүрімізді біле бермейді. Осы кедергілерді алу жөнінде өз тәжірибемді баяндай отырып, ой бөлісуді жөн көрдім.

Ауыз әдебиетіндегі бөбекті жұбатқанда, тұсауын кескенде, бесікке бөлеп әлдилегенде ай-тылатын өлең -жырлардың тәрбиелік мәні зор. Ананың ақ тілегі, сүйіспеншілігі, баласына қояр талабы мол. Бесіктен анасының әлдиін естіп ер-жеткен бала жетесіз болмаған. Тілі жеңіл, бала-лар сүйсініп тыңдайтын халық арасында айтылып жүрген өлең - жыр.

Өзім Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасына жұмысқа орналасқан кезімнен бастап қазақ ба-лаларына әдеп-ғұрпы, салт - сананы үйрететін қызықты да, тартымды көркем суретпен безендірілген шығарылымдар құрастырдым. 2006 жылы «Анамның әні», «Бал бөбегім», «Қырқынан шығару», «Тәй-тәй бөпем, тәй бөпем» атты төрт шығарылым жазып оқырмандарға ұсындым. Адам баласының тіршілігі,ғұмыры тал бесіктен баста-лады.
Туғанда дүние есігін ашады өлең.

Өлеңмен жер қойнына кірер денең-дегендей бесікте жатқанда бойына сіңген,жүрегіңе құйылған ананың үні жанында өмір бойы әлдилеп өтеді. Бесікте дарыған қасиет-келешегіннің негізі.
Бұл шығарылымдар әлі кітапханаға бармай-тын бүлдіршіндердің ата - аналарына арналған. Осы шығарылымдар арқылы ата - ана өмір есігін жаңа ашкан бөбектеріне тәрбие дәнін себе ала-ды. Кітапханашылар ата - аналарға бала бой-ына құйылатын тәрбиенің басы-ана әлдиімен сіңетіндігін, мектеп табалдырығын аттамаған ба-лалармен қарым -қатынас жасағанда көркемдік суреттермен безендірілген кітапқо деген қызығушылығын тудыруымыз керек.

Олай болса, өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де, сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, еміріне айтатын бесік жыры. Ал, кітапхана ерте жастан кітап оқуға деген қызығушылықты дамыту процесінде көмекші және бағыттауыш қызметін атқарады. Сәбилік жастан оқырманмен жұмыс - бұл оның ата - анасымен жұмыс істеу. Баланың тұлғасын қалыптастыруға көмектесу, ата-аналарды толғандыратын мәселе туралы қажетті ақпаратты табуға көмектесу кітапхананың міндеті. Ал кітапхананың болашақ ата - аналармен жұмысы -кітапхана қызметінің жаңа және әлі де дағдыланбаған бағыт. Аталған бағыт өзекті, қажет уақытылы.

Кітап оқуға деген қызығушылық ерте балалық жастан қаланады және осы жерде көбі ата -анаға байланысты болады. Отбасы баланың тұлғасын дамытудағы ортасы болып табыла-ды, оқуға деген қажеттілік, қызығушылық пен сүйіспеншілік қалыптасады.

Сондықтан баланы уақытында оқуға үйретіп қана қоймай, оны оқуды жақсы көруге ұмтылдыра білуіміз керек. Біз, кітапханашылар осы маңызды мәселені шешуге тырысамыз.

Өтебай Тұрманжановтың айтуынша: «Кітап — көп ақылдың құйылған көлі! Ол көпке таралғанда ғана көптің бойына сіңіп, игілігіне жұмсағанда ғана мүддесіне жетеді. Кітап ортақ мүсін, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.»

Ендеше баланың кітап әлеміне енуіне күшпен емес, ақылмен жол ашу - бәріміз үшін ортақ міндет деп ойлаймын.


 


Кежегарина, З. Кітап оқу әлеміне алғашқы қадам // Кітапхана әлемі. -2008.- № 4. - 35-36 б.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 96 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана