Біз бір-біріміз жайлы не білеміз?

Жк, 29/04/2012 - 11:02 — admin

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қостанайдан мыңдаған шақырым жердегі өзге елмен осылай оп-оңай хабарласа аламыз деп кім ойлаған? 2009 жылдан бастап Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында бейне конференциялар өткізіліп келеді. Біздің балалармен болған виртуалды кездесулерге қазақстандық (Қарағанды, Шымкент қ.) балалар ғана емес, Ресей (Челябі қ.) және Украина (Севастополь қ.) оқырмандары да қатысты. Негізінен бұл кездесулер Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы, оқу мәселесі, жазушылар мен кітаптардың мерейтойлары сияқты тақырыптарды қамтыды.

Мысалы, 24 сәуірде Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары украиндық құрдастарымен «Ақпараттық кеңістіктегі диалог: бір-біріміз жайлы не білеміз» веб-марафонында әңгімелесуге мүмкіндік алды.

Осы виртуалды кездесуге Украина атынан М. Бойченко атындағы Кировоград облыстық жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары – студенттері мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары келді. Ал М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері және кітапхананың жас мамандары қазақстан жастарры атынан сөйледі. Іс-шараға өзінің кәсіби пікірін айта алатын ресмии ұйымдардың өкілдері де шақырылды. Олар: Мәдениет басқармасының бас маманы И. В. Шевко, «Жасыл ел» жастар еңбек отрядының республикалық штабының облыстық филиалының жетекшісі А. А. Мұратов және контракт бойынша әскер жинақтау бөлімшесінің бастығы С. М. Турмагамбетов.

Біздің оқырмандарымызды украиндық жастардың өмірі қатты қызықтырады екен. Олардың қызығушылықтары қандай, өмірлік ұстанымдары ше? Сонымен қатар Кировоград жастары да Қазақстандағы замандастары туралы көп білуге тырысты. Мысалы, мамандық таңдау тақырыбы қызу талқыланып, қандай мамандықтың мәртебесі жоғары, «шаруа мамандықтарына» сұраныс қандай, оқуын аяқтағандар не істеуі керек, жас мамандар жұмысқа орналасарда қиындыққа кездесе ме деген сұрақтарға жауап іздеді.

Украина жастары қазақстан әскерінің қатарындағы қызмет жайлы сұрап, өздері отан алдындағы борышын қалай өтейтіндері айтты. Көптеген кировоградтық жастар үшін әскери қызмет үлкен мәртебеге ие екен. Кировоград облысында әскерге барғысы келетіндердің арасында қыз балалар да бар көрінеді.

Әрине, пікірталас барысында экология тақырыбы да қозғалды. Бұл мәселеге Украинада қалай көңіл бөледі, жастар жағы қызығушылық білдіре ме? Өкінішке орай, Кировоградта уран кені болғандықтан қауіпті радон газының концентраты артып, радиоактивті ластану мәселесі ушығып тұр. Осыған байланысты қаланың жас тұрғындары «Тоқта, радон» ауқымды жобасының және ақпараттық компанияның белсенді қатысушылары.

Сонымен бірге балалардың айтуынша, биыл қала сары түсті чернобривцев гүлдеріне толып, көріктене түседі екен. Ал «Миллион чернобривцев» акциясының қатысушыларына тұқым тегін беріледі.

Экранның ар жақ бетінде отырғандар да, бер жағындағылар да түрлі тақырыптарға ерекше қызығушылық танытып, білім саласына, денсаулық сақтау мен спорт түрлеріне қатысты әңгіме қозғады. Бір сөзбен айтқанда, Украина мен Қазақстан жастарының қызығушылығы, көзқарасы, мақсаты бір екен.

Қызу пікірталаспен уақыттың қалай жылдам өтіп кеткені де байқалмады, ал бір-біріне айтар әңгімелері таусылар емес. Себебі, бір кездесуде ішкі сырларын айтып, тәжірибелерімен бөлісу мүмкін емес қой. Сондықтан да «Ақпараттық кеңістіктегі диалог: бір-біріміз жайлы не білеміз» веб-марафоны достық қарым- қатынасымыздың жалғасы болады.

Жалпы алғанда, бейне конференция дан байқағанымыздай соңғы кездері жастар мәселесімен мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар ғана емес, жастардың өздері де айналыса бастапты.

Прошедшее мероприятие дало возможность, с одной стороны, всесторонне отобразить жизнь молодых людей наших стран: их интересы, увлечения и потребности, с другой стороны - это встреча способствовала воспитанию у молодежи уважения к духовным, историческим и культурным ценностям, развитию толерантности, а также укреплению дружеских отношений между молодыми людьми Казахстана и Украины.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 156 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана