Мемлекеттік рәміз

Мемлекеттік рәміз — бұл еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісі. Олар Қазақстан Республикасының өзіндік даму жолы мен өзге елдерден ерекшелігін бейнелейді, ал мазмұны мен мәні адамгершілік, ынтымақ, бірлік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды ту етеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді, яғни биыл еліміз рәміздердің салтанатты Жиырма жылдығын атап өтеді.

Сіздер мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен мағынасы, геральдика тарихы жөнінде толық ақпаратты фойедегі ақпараттық қабырғадан және кітапхананың қызмет ету бөлімдерінен таба аласыздар. Ал ғылыми – әдістемелік бөлімі Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тәуелсіздігіне арналған қызықты іс-шаралардың сценарийлерімен, тақырыптық папкаларымен, электронды тұсаукесерлерімен, аудио- бейнежазбаларымен және басқа да осы мазмұндағы материалдармен танысуға шақырады. Кітапханамыздың баспа және электронды түрдегі басылымдарымен қуана-қуана бөлісеміз. Келіңіздер!

«Бірлік пен бейбітшілік белгісі» вебинары.

Құрметті әріптестер! 2012 жылдың 11мамырында ҚР Мемлекеттік рәміздер 20 жылдығына орай аудандық және қалалық кітапханалардың қатысуымен «Бірлік пен бейбітшілік белгісі» вебинары өтті. Мына сілтемелерді пайдалана отырып, сіздер техникалық себептермен іс-шара регламентіне енбей қалған бөліктерінің бейне жазбасын көре аласыздар.

Патриотизм мемлекеттік рәміздерден басталады. Данилюк Л. Г., Әулиекөл ОАБК

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің нышаны. Есмагамбетова С. К., Аркалыкская ОУНБ № 2

Вебинарда жинақталған «Бірлік пен бейбітшілік нышандары» атты материалдарды жүктеуге болады


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 150 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана