Әжемнің ертегілері: Ханнан озған қара

Бс, 28/01/2021 - 08:41 — Ольга А

Ертегі алыс сапарға шыққан хан мен уәзірлері және қой бағып жүрген қойшы жайында. Жолдың алыстығынан хан мен уәзірлері шаршап, шөлдеп су іздеп жүргенде қойшыға тап болады. Олар қарапайым қойшыны менсінбей оған күш көрсетіп, «су қайда» деп зіркілдеп бас салады. Ал қойшы болса, өз ақылдылығымен әр сұраққа сөз тауып мәнді, мазмұнды жауап қайтарады. Бірақ оның сөзін: «сөз ұқпайтын хан уәзірлері» түк түсінбей ханға алып келеді. Ал хан болса оның сұрап алған сөзін мұқият тыңдап, қойшының ақылдылығымен, сөзге шебер екендігін көріп: «Сөз тапқанға қолқа жоқ», - деп оны босатады. Бірақ хан одан: «бізге судың жөнін айтшы деп», - сұрайды. Ал қойшы болса оған: «Қос өзеннің арнасы көз алдыңызда көрініп тұр, оны көрмей келе жатырсыздар, келешекте қалай жол тауып, қол бастайсыз», деп жауап беріпті.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 386 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана