14 желтоқсан күні мемлекетіміздің басты мерекелерінің бірі Тәуелсіздік күні қарсаңында қала мектептерінің оқушылары, «Жас Ұлан» белсенділері үшін «Тәуелсіздік дәуірі» атты сұхбат-time өтті.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі жастарды жан-жақты қолдау болды. Жастар - кез келген ұлтты сақтау мен дамытудың негізгі ресурсы, сондықтан оның кәсіби және жеке өсуі үшін оңтайлы жағдай жасау маңызды. Тиімді мемлекеттік жастар саясаты жастардың әлеуметтік тәжірибесі арқылы, оның ішінде волонтерлік (ерікті) қызметке тарту жолымен құрылады. Бүгінде еріктілер қозғалысы ең өзекті және қарқынды дамып келе жатқан институттардың біріне айналуда.
Шақырылған қонақтар - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті жанындағы Жас Отан Жастар қанаты бастауыш ұйымының көшбасшылары Рустинбаева Жадыра мен Абдыргалиева Индира «Барс» іздестіру жасағының еріктілері, Гайнутдинов Денис Рафикович орыс драма театрының актері және ЧелМУ студенті Хасенова Сабина жастар өздерін қалай дамытуға болатынын, жастардың дамуында қандай мәселелер өткір тұрғанын, өңірде жастарды қолдаудың қандай бағыттары іске асырылып жатқанын және қалай волонтер болуға болатынын айтып берді. Балалар жастармен жұмыс жасауға қатысты сұрақтар қойды, қалай волонтер болуға болатынын білді және әңгімеге белсенді атсалысты. Олар әсіресе адамдарды іздеуге көмектесу мүмкіндігіне қызығушылық танытты.
#30летНезависимостиРК #ҚРТәуелсіздігіне30жыл