Дала жұлдызы

Жм, 13/05/2022 - 16:39 — Ольга А

13 мамырда Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала жұлдызы» брейн-ринг ойыны екінші мәрте өткізілді. Алғашқы ойында М. Хакімжанова атындағы №20 орта мектебі жеңіске жеткен болатын. Бүгінгі ойынға қаламыздың № 10 орта мектебі мен № 18 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Ойынның басында әр мектеп өз топтарының атын, ұранын таныстырып өтті.

Ойын 6 бөлімнен тұрды:

1. «Ы. Алтынсарин кім?» Жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты қызықты деректер.

2. «Қандай нысан?» Ы. Алтынсарин атындағы облысымыздағы нысандар.

3. «Қай кейіпкер?» Фильворд әдісі бойынша Ы. Алтынсариннің шығармаларындағы кейіпкерлерді табу.

4. «Қандай шығарма?» Шығарманың басталуынан Ы. Алтынсариннің қай шығармасы екенін табу.

5. «Жұмбақтар» Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешу.

6. «Эмодзи» Бәрімізге белгілі эмодзи суреттері арқылы Ы. Алтынсариннің шығармаларының атауын табу.

Ойын барысында қатысушылар Ы. Алтынсарин туралы білімдерін ортаға салып, сайысқа түсті. Қатысушылар әр кезеңге тиянақты дайындалып келгендерін көрсетті. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша № 10 орта мектебі жеңіске жетті. № 18 орта мектебіне ойынға қатысқандары үшін алғыс хат табысталды. Екі ойын жеңімпаздарының қорытынды кездесуі күзде өткізілетін болады.

#балалар_жылы


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 302 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана