Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облыстық филиалының қолдауымен Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарманың республикалық байқауын екінші жыл өткізіп келеді.
2022 жылы Қостанай облысының авторларынан басқа, байқауға Алматы және Астана, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының жазушылары қатысты.
Байқауды кәсіби қазылар алқасы бағалады, оған педагогтар, педагогика ғылымдарының кандидаттары, баспа жетекшісі, жазушылар, кітапханашылар кірді. Ал балалар қазылар алқасының құрамында оқу көшбасшылары, түрлі олимпиадалар мен байқаулардың белсенді қатысушылары болды. Балалар қазылар алқасына облыстың түкпір-түкпірінен келген балалар қатысқаны маңызды.
Сыйлық екі номинация бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма үшін беріледі: «Қазақ тіліндегі үздік шығарма», «Орыс тіліндегі үздік шығарма». Балалар қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша бір арнайы сыйлық тағайындалды.
2022 жылғы байқаудың нәтижелері:
Балалар қазылар алқасының шешімімен – Мейіржан Жылқыбай (Алматы қ.), «Менің атым Қожа. Шуақ» әңгімелері үшін жеңімпаз атанды.
Қазақ тіліндегі үздік әдеби шығарма байқауында Мейіржан Жылқыбайдың «Менің атым Қожа. Шуақ» шығармасы жеңімпаз атанды.
«Орыс тіліндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма» номинациясының жеңімпазы – Елена Пономаренко (Қарағанды облысы), «Опалённое детство» әңгімелер жинағы үшін. #балаларжылы
Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарманың ІІ республикалық байқауының қорытындысы
Ср, 19/10/2022 - 17:50 — Ольга А