Бүгін, 1 шілдеде, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына 55 жыл толды! Туған күн иесі таң атысымен- ақ сүйікті оқырмандарынан, кітапханашылардан және кезінде кітапхана табалдырығын алғаш аттап, таңғажайып әлемге тап болған, ұмытылмас кездесулерге қатысып, әдебиет жаңалықтарына есік ашқан достарынан үздіксіз құттықтаулар мен сыйлықтар алуда.
Бүгін біз өзінің сүйікті ісіне, ұнатқан мамандығына адал болған, «Алтынка» деген атпен бір ұжымда еңбек етіп жатқан және болашақта да жақсылық пен жаңалық үшін талмай жұмыс істейтін адамдардың бәрін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет! Туған күніңмен, Кітапхана!
Алтынка Гимні
(О. Митяевтің «Как здорово» әнінің мақамымен)