«Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» тәрбиеленушілеріне Алғыс айту күні қарсаңында «Бір-бірімізге жақсылық тілейміз» атты әдеби әңгіме өтті. Бейнероликтің көмегімен балалар мереке тарихына үңіліп, түрлі аялдамаларға тоқтап, адамға не үшін ризашылық білдіру керектігін түсінді. Іс-шара шеберлік сабағымен аяқталды, онда әркім өзінің «Жеті гүлін» жасады.
#игі істер марафоны