«Ақ Нұр Плюс» жекеменшік мектебінің оқушыларына арналған «Білімпадарға арналған экология немесе сабақта айтылмайтын тақырыптар» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында балалар экологиялық мәселелермен танысып, эко-викторинаға қатысып, экология тақырыбындағы бейнероликтерді тамашалады. Олар «Экология» ұғымын талқылап, оның нені үйрететінін терең түсінді. Шара соңында оқушылар «Жер» планетасын қорғап, сақтамасақ, бүкіл тіршілік жойылады деген қорытындыға келді.
Білімпадарға арналған экология немесе сабақта айтылмайтын тақырыптар
Сс, 17/06/2025 - 12:20 — Ольга А