3 шілде кітапханада кезекті (осы маусымдағы соңғы) бейнелеу сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: «Жапырақтан жасалған қолтаңба».Бұл сабаққа біздер алдын-ала ағаш жапырақтарын дайындап қойдық. Сол жапырақтардың көмегімен балалар қыстағы не күздегі ертегі орманын жасады. Ал кейбіреулері болса жапырақтардан көрінбейтін ою-өрнек жасады.
Барлығы әдемі де,әсем болу үшін,жапыраққа қалың қылып гуашты жағып,қағаз бетіне жапырақпен қолтаңба қалдырсаң болғаны... суретін дайын.
Осы өткен сабаққа барлығы 15 адам қатысты.
Біздің сурет сабағымыз қыркүйек айында қайтадан жалғасады.