Семинар

Бс, 13/11/2014 - 09:21 — julia

2014 жылдың 6 қарашасында облыстың балалар кітапханалары мамандарына арналған «Шектеусіз кітапхана: мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру ерекшелігі» атты облыстық семинар өтті. Семинар жұмысына 27 аудандық, қалалық балалар кітапханаларының мамандары қатысты. Семинарда мүмкіндігі шектеулі балалармен кітапханада жұмыс жасау мүмкіндіктері мен ерекшеліктері қарастырылды. «Қостанай Дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Лимарева Л. В. түрлі дертке шалдыққан балалардың мінез-құлық ерекшеліктері туралы айтып берді. Тактильді кітаптар мен оның түрлері жайлы «Ашық әлем» жастар еріктілер үйі» қоғамдық қорының жетекшісі Кайгородцева Л.А. сөз қозғады. Әлеуметтік қызмет көрсету бойынша Қостанай аймақтық орталығының педагогы Л. В.Распопованың жұмыс тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды. Қолдан жасалған қуыршақтар көмегімен педагог балаларды оқытады, оларға әлеуметтік дағдыларды меңгертеді. Әртүрлі ойыншықтар: сөйлейтін қуыршақтар, саусақтық, буындық қуыршақтар балаларға осы әлемді танып білуге көмектеседі. Он-лайн тәртібінде семинарға қатысушылар алдында Өскемен қаласының А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы мен А.С.Пушкин атындағы Саратов облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мамандары сөз сөйледі. Өскемен кітапханасының директоры Ақжігітова К. М. мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруге бағытталған жаңашыл жобалар туралы айтса, Саратовтықтар «ерекше» балалармен жүргізілетін жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қорытындысында, кітапхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы көркем және арнайы әдебиеттерге шолу жасады.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 146 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана