Кітап жабылғанымен, оқиға жалғасады

Дс, 12/01/2015 - 08:20 — julia

news-12-01-14.JPG

6 қаңтар біздің кітапханада балалар үшін алдын-ала хабарланған «Ежик» журналының он бес жылдығына орай Фанфикшен байқауының «Кітап жабылғанымен, оқиға жалғасады» атты марапаттау рәсімі өтті. Фанфик дегенді түсіндерер болсақ, Фанфик не фанфикшен деген термин қандайда шығарманың негізінде оның кейіпкерлерімен оқиғаны жалғастыру, не құрастыру, не сол кейіпкерлермен жаңа оқиға жазу. 5-11 сынып оқушыларының оны байқауға қатысу үшін кітапханаға әр түрлі әдеби шығармаларды оқығаннан кейін жазған өз фанфиктерін әкелді. Әділқазы мүшелері олардың жұмыстарын қарастырып, «Сюжетті әсерлі суреттегені үшін», «Сюжеттің өзектілігі үшін», «Сиқырлы, болжамды сюжет үшін» деген үш номинация бойынша үш жеңімпазды анықтады. Олар: 5 сынып оқушысы Грить Настя, 11 сынып оқушысы Лыксова Саша және 7 сынып оқушы Немеренова Әсел. Әділқазылар тартысы барысында барлығы бір дауыспен тағы бір қатысушыны атап өту керектігі анықталды және сол қатысушыға әдейлеп арнайы тағы бір номинация ойластырылды. Шара кезінде журналдың басты кейіпкері Ежик пен жүргізуші қатысушылар мен шақырылған қонақтарды дайындалған көріністерге қатысуға және қойылған сұрақтарға жауап берулеріңе шақырды, сонымен қатар қатысушылар өз қатарластарының өлеңдері мен әндерін тамашалады. Осы жерде «Ежик» журналының әр жылдағы басылымдар қойылған және шығармалар бойынша жазылған әртүрлі фанфикшендер бар ерекше көрме ұйымдастырылды. Шара соңында далада шарларға байланған кітапханаға шақыруы бар ашық хаттар таратылды.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 99 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана