Облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында жыл басынан бастап, «Қостанай хроникасы» өлкетану жобасы жұмыс істеуде. Кітапханашы Мырзагүл Ахметбековна Нуриева №1 лицей-мектебінің жағрофия мұғалімі Валентина Григорьевна Пархоменкомен бірлесе Қостанай облысының экологиясы, жағрофиясы, тарихы туралы іс-шараға жоспар құрды.
29 сәуір «Қостанай хроникасы» топтамасы шеңберінде кезекті кездесу өтті. 7-сынып оқушыларына «Табиғатты аялайық» деген экосағат өткізілді. Кездесуге мемлекеттік экологиялық инспекторы Сергей Талғатұлы Мұкашев шақырылды. Сергей Мұкашев Қостанай облысында болып жатқан не туындаған экологиялық мәселелер және оның шешу жолдарын түсінікті түрде тыңдармандарға жеткізе білді. Экологпен әңгімелескеннен кейін, «Қостанай облысының экологиялық мәселелері және оның шешу жолдары» деген кластерді құрастырды. Балалар тапсырманы мүдіртпей орындады.