Кезекті «Қыздар әлемі» әдеби отырысы «Бір артист - бір әлем» атты кездесу өтті. Кездесуді сторителлинг түрінде өткізіп, театр әлеміне арнадық. Бұлай өтуге орыс драм театрының актрисасы - Анна Эдуардовна Удесиани көмектесті. Отырыстың қатысушылары Анна Эдуардовнаның әңгімесін тыңдап, әртүрлі сұрақтар қойып, сұрақтарына қызықты, тартымды жауаптар алды. Анна Эдуардовна осы мамандыққа қалай келді, осы жолда қандай қиындықтар кездесті солар жайында әңгімеледі. Көптеген қатысушы қыздарды актриса мамандығының қыр-сыры қызықтырып, өздерінің осы мамандық иесі болғылары келетінін айтып бөлісті.
Кездесу соңында қатысушылар актрисамен естелік фотосына түсіп, осы кездесу оларға ұмытылмас әсер қалдырғанын айтты.