Елбасының Қазақстан халқы ассамблеясының 22-сессиясындағы орындаған сөзінен кейін, мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары бірден жұмысқа кірісті. 1-наурыз күні «Қазақстаным менің, ризамын саған» атты алғыс күніне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараға 13 мектептің 1,2,3 сынып оқушылары мен мұғалімдері шақырылды. Кездесу қызықты әрі достық,сыйластық қарым қатынаста өтті. Қатысушы балалар мен педагогтерде кітапханашыларға алғыстарын білдірді. Кездесу соңында балалар елге арналған тілектеріді айтып, бір-бірлеріне алғыс, ризашылықтарын білдірді. Қатысушы мұғалімдер барлық кітапханашыларды мерекемен құттықтап, лебіздер кітабына өз пікірлері мен алғыстарын жазып,қалдырды. Іс-шараға 91 адам қатысты.
Алғыс айту күні
Бс, 03/03/2016 - 16:31 — julia